+2 дауыс
35.9k көрілді
Дүние жүзі бойынша ең үлкен арал???
Сұрақ ережені бұзбайды, сондықтан өшірудің қажеті жоқ.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Гренландия — әлемдегі ең үлкен арал. Оның ерекшелігі ол толықтай дерлік мұз астында (85%), сондықтан да онық қазба байлықтары әлі толық зерттелмеген. Десе де оның жағалауы жаз бойы көгалданып тұрады, аралда кейбір өсімдіктер -20 °С температурада да гүлдене береді. Егер де Гренландия ммұзы толықтай еріген болса әлемдік теңіз деңгейі 7.4 метрге көтерілер еді. Арал мұзы орталығынан шеттеріне қарай әрқашан қозғалуда, кейде тәулігіне 20 метр жылдамдықпен. Ал арал жағасына жеткенде алып мұз таулар болып бөлініп мұхитқа түседі, олардың биіктігі 100 м, ұзындығы шақырымға дейін болады. Атақты Титаник кемесі де осы Гренландиядан шыққанайсбергке соқтығысып суға батқан. Жыл сайын Гренландиядан 10-15 мың айсбергтер бөлініп шығады.Гренландия соңғы үш ғасырдаДанияға тиеселі, өзінің үкіметі мен парламенті бар автономия. Жергілікті тұрғындар тәуелсіздік далап етуде, соңғы жылдары олар тек өзін өзі басқару құқығына ғана ие болды. Алғашқы тұрғындар эскимостар болғанымен, аралды алғашқы ашқан адам ретінде Сары Эйрик деп танылған. Ол Норвегия мен Исландиядан адам өлтіргені үшін қудаланып 982 жылы саяхатқа шыққанда Гренландияны ашады, аралға Гренландия атын да берген осы адам. Аралды 1721 жылы Дания отарлап алған. Жергілікті тұрғындары — иннуиттер. Халық саны 56 мың. Иннуиттер аң аулау, балық аулауменн айналысады. Иннуиттер өздерін эскимос деп атағанды қаламайды. Өте ақ көңіл, бірақ арақ шарап ішкенді жақсы көреді. Аралда күн сирек шығады, бірақ бір шыққанда күн қызуы өте зор. Осындайда тұрғындар іш киімдерімен күнге қыздырынуға далаға шыққанды жақсы көреді, байқамаса аралда аз уақытта күнге тез күйіп кетуге болады. Олар Дания салықтарынан босатылған, алайда Дания аралдың барлық қазба байлықтарына бақылау орнатқан.

Уикипедия интернет энциклопедиясынан.

+5 дауыс
Гренландия! География оқымағансыз ау

әринеГреландия аралы ғой

+1 дауыс
Оқығам проста сәл ғана есімнен шығып тұрған жауабыңа рахмет!
+1 дауыс
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия аралы. Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2млн 176мың км² 1.Гренландия-2175600 млн км² 2.Папуа Жаңа Гвинея-792540 млн км² 3.Калимантан-734000 млн км² 4.Мадагаскар-587000 млн км² 5.Баффин жері-507451 млн км² 6.Суматра-427350 млн км² 7.Жаңа Зеландия-265300 млн км² 8.Ұлыбритания-229885 млн км² 9.Хонсю-227415 млн км² 10.Виктория-217290 млн км² 11.Сулавеси-178710 млн км² 12.Ява-126650 млн км² 13.Куба-105007 млн км² 14.Исландия-102800 млн км²
0 дауыс
Греландия аралы ең үлкен көлемі-2175600
0 дауыс
Ен улкен арал ол Гренландия (Греландия) аралы аумагы 3.6.миллион КМ2
0 дауыс
жауабы: Дүние жүзі бойынша ең үлкен арал гренландия аралы

Ұқсас сұрақтар

...