Мен 32-биттік жүйе жалпы әлсіз деп отырғаным жоқ, 64 битпен 32 биттік жүйені салыстырып тұрмын, әлбетте логикалық тұрғыдан менің пікірім дұрыс: 64 бит 32 биттік жүйеге қарағанда мықтырақ. Мына жерде екі жүйенің өнімділігін салыстыруын анық көрсеткен: http://www.iinuu.ru/ru/it-guru/windows-7-32-ili-64-sravnenie-proizvoditelnosti
Егер компьютер әлсіз болса, оған 4 гб ОЗУ жад орнатып, компьютерді қинап 64-биттік жүйе қойғанша, 32 биттік жүйені орната салған әлдейқайда дұрыс болар еді. Менің ойымша, 8 гб ОЗУ жады бар компьютер/ноутбук әлсіздер қатарынан болуы мүмкін емес. Сондықтан, 64 биттік жүйені орнатуға кеңес беремін.
Көптеген ірі ойындар, жобалау сияқты ірі программалар (Мысалы: Adobe After Effects, Autodesc AutoCad) толыққанды жұмыс жасауы үшін, 64 биттік жүйелерді қажет ететін болады.
Сонымен қатар, Windows х86 платформасын қолдайтын программаларға арнайы бума ашып, сол программалармен жұмыс жасайтын эмуляторын іске қосады.