0 дауыс
3.1k көрілді
Мен естідім ұзын құлақтардан, жер бетін әлемдегі 6 шексіз бай адам басқарады деп. Мен сол кісілерді білгім келеді?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Соңғы кездері жер бетіндегі мемлекеттерді бір уыста ұстап, өздерінің дегенін істетіп, отырған құпия, бірақ өте күшті әлеуетті топтың бар екендігі жайында әр-әр жерде жиі айтыла бастады. Тіпті дискілерге арнайы жазылған әлдебір масондардың жасап жатқан әрекеттері туралы лекциялар да пайда болды. Егер оған сенетін болсақ, жер бетіндегі тәуелсіз мемлекеттерді сол елдердің президенттері емес, «Комитет 300» деген ұйымның адамдары басқарады. Бұл 300 адамнан тұратын комитет мүшелері жаңа ауруларды ойлап тауып, әртүрлі дағдарыстарды қолдан жасайды, есірткі мен ішімдікті таратып, жезөкшелік пен порнографияны насихаттайтын көрінеді. Қысқасы, адамзатты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бір-біріне айдап салып отырады. Ойлап қарасаңыз, мұның бәрі ақылға қонбайтын, барып тұрған сандырақ сияқты. Солай десек те, ағылшынның МИ6 (SIS) арнаулы қызметінің барлаушысы Джон Колеманның «Комитет 300. Әлемдік үкімет құпиялары» атты кітабын оқыған адам шынында да, бейжай қалмайды. «Комитет 300» тобының бұл ұстанымын Владимир Жданов деген орыс зерттеушісі тіптен жақсы түсіндіреді. Ждановтың айтуына қарағанда, Колеман айтқан «Комитет 300» Африка халқын СПИД және өзге де қолдан жасалған вирустармен, славяндар мен еуропадағы кейбір халықтарды есірткі, жезөкшелік, алкогольмен құртуды жоспарлапты. Ол үшін Ауғанстан мен Колумбияда өндірілетін есірткіні Еуропа мен АҚШ-қа кедергісіз жеткізу жолдарын ұйымдастырған. Ал, Қытай мен Үндістанды бір-бірімен қырқыстыру да Комитеттің жоспары болса керек. Мұсылмандарды түрлі діни топтарға бөліп, бір-бірін атып, жарып, өзара қырлысуға итермелеу де олардың жаһандық жоспарының қатарына кіреді. Джон Колеман: «Комитет 300-дің» нақты 21 жоспарын атап көрсеткен. Бір қызығы «Комитет 300» тобына масондық ұйымдардың басым көпшілігі кіреді екен. Жуырда Алматыда өткен бір жиында Ресейден келген профессор Владимир Цыганов баспасөз өкілдерімен кездесіп, масондардан төнетін қауіп туралы айтты. Ол, сондай-ақ ақпараттық соғыс, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы біраз ой-пікірін білдірді.    

– Жаңа  бір сөзіңізде ақпараттық соғысқа тоқталып өттіңіз. Бұл соғысты XXI ғасырдың бас қаруы деп айтса, бола ма?
 – Әрине. Мәселен, Пермьдегі ақпараттық соғысты айтсақ болады. Естеріңізде болса, Сербияда түрлі-түсті революция, Грузияда раушан революциясы, Қырғызстанда қызғалдақ төңкерісі орын алды. Ал 2007 жылы Ресейде президенттік сайлауға дайындық науқаны жүріп жатты. Сол кезде АҚШ-тың мемлекеттік департаменті түрлі-түсті революция жасау үшін Ресейдің аймақтағы қалаларына аямай ақша берді. Олар Пермьнің де шет аймақтарына жыл сайын жарты миллион доллардан беріп тұрған. Тіпті қала әкімшілігінің ішінде масон ұйымы болды. Мұның анық-қанығы біздің жасап шыққан екі томдығымызда бар. Ол еңбегімізде ақпараттық соғыста қалай жеңіп шыққанымыз айтылған. Америкада масондар беделді қызмет орындарында басшылық етіп отыр. Оппозиция, «жасылдар» деген жоқ. Барлық билік осылардың қолында. Алайда олардың көздеген мақсаты біздікімен сәйкес келмейді. Оларға төтеп беру үшін, сол ұйымнан зардап шеккен адамдардың басын қосып, сотқа арыздану керек. Тек арызданып қана қоймай, бұл істі аяғына дейін жеткізу керек.
– Бізде де масон агенттері бар ма?
– Әрине, бар. Ол тіпті Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Мәселен мен Қытайға барғанда сондағы арнайы қызмет өкілдері елде 40 масон агенті бар екенін айтты. Бірақ әр агенттің артынан он қытай азаматы жүреді екен. Олардың болғаны қорқынышты емес,  ең бастысы билікке жібермеу керек. Қазақстан билігі оларды жолатқан жоқ. Кезінде Ельцин қателік жасап, бұларды билікке жіберіп қойды. Жаһандық олигархия деген де бар. Олар бір беделді азаматты өздерінің агенті етіп тағайындайды. Елде қаржы тапшылығы болған кезде осы агенттерден несиеге ақша алады. Тәуелсіз елдің экономикасы осы агенттерге тәуелді болып қалады. Маңызды шешімдерді де сол агенттер қабылдайды.  
– Сонда үкіметтегілер де осы агенттермен келісе отырып шешім қабылдай ма?
 – Жоқ. Бірақ ол агенттерді елге кіргізсе, соған барады. Мәселен, 90 жылдары Ресейде биліктегілер мемлекеттік басқаруға қатысты мәселелерді Вашингтонмен ақылдаса отырып шешкен. Қазір Ресейде Путиннің арқасында ондай жоқ. «Путинизм» – батыстың ең өзекті мәселесі. Олар ядролық қарудан гөрі «Путинизмнен» қорқады. Путин билікке келгелі мұндай агенттерді шеттетіп тастады. Бірақ түбегейлі жоя алмады.  
– Келесі жылы Ресейде президент сайлауы өткелі отыр. Путин мен Медведев бір-біріне бәсекелес бола ма?
– Ол екі көшбасшының бәсекелесе болғаны маңызды емес. Ресей халқы Горбачев сияқты біреу келмесе, деп тілеп отыр. Ондай адам келетін болса, Кеңес Одағы құлдырағандай, Ресей де тарап кетеді. Ресейдің құлдырағаны Қазақстан, сондай-ақ, басқа да елдерге жақсылық әкелмейді. Американдықтар Медведевтің қайта сайланғанын қалап отыр. Олар Путиннің президент болғанын қаламайды. Тіпті жуырда  американдық «Фокс Ньюз» телеарнасының тікелей эфирінде Путинді «шайтан» деп айтты. Олардың түсінігінде Америкаға ең қауіп-қатер төндіретін осы Путин екен.   
– Соңғы уақыттары біздегілер  Батыс елдеріне еліктейтін сияқты. Бұл үрдіс дұрыс деп ойлайсыз ба?
– Батыстың либералдық ойын қабылдағалы бері, бар ақшамыз соларға кетіп жатыр. Осыған дейін біз қалай өмір сүріп едік. Біздің ата-бабамыз кезінде сонша үлкен жерді қорғап, ұрпағына аманат етіп қалдырды. Батыста жоқ табиғи байлық бізде бар. Осыны сақтап қалған кезде ғана ешкімнің жетегінде кетпейміз. Қазір әлемдегі ең өзекті мәселе – экология мен ресурстың жоқтығы. Ал бізде жер де, ресурс та жетеді. Адамның өмір сүруіне толық мүмкіндік жасалған. Батыс елінің халқы күннен-күнге көбейіп, жер де, ресурс та, жетпей жатыр. Лондонда болған төңкеріс, Филадельфиядағы комендат сағаты осыған дәлел. Біз тек өз болмысымызбен өмір сүрсек ешқандай мәселе болмайды. Батыстың мақсаты – БАҚ арқылы біздің сана-сезімімізді өзгерту. Ең бастысы, олардың бұл айласына түспеу керек. Олар достық, махаббаттың не екенін білмейді. Бізде бұл сақталған. Сол себептен де, біз қандай мәселе болмасын жұмыла кірісеміз. Жаһандануға біздің берер жауабымыз осы.    
– Жаһандық өзгерістің беталысын қалай бағалар едіңіз?
– Қазір капитал орталығы Америкадан Қытайға өтіп жатқан сияқты. Бұл – өте қауіпті. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары капитал орталығы Англиядан Америкаға көшкен кезде ешкімге оңай тиген жоқ. Ғаламдық тоқырау болады десем, артық айтқаным емес.
+2 дауыс
соның арасында бір еврей бар екенін білемін
Архун бір евреи емес бәрі еврей десеңде болады негізі дүниені басқарып бүлдіріп отырған еврейлер
+2 дауыс
Жер бетін басқарып отқан масондықтар! Оның ішінде Барак Обама бар секілді және бай адамдар, президентер болуы керек нақты білмеймін. Ютубтан көргем сілтемесін тауып алсам, жазып қоярмын.!
+2 дауыс
Менің естуім бойынша әлемді ең бай адамдар ақша арқылы басқарып отыр екен. Ал өз ойымша Путинге сөзі өтетін ешкім жоқ орыстар Астанадағы самитті тастап кеткенде ешкім жақ аша алмайтыны көрініп қалды.
+1 дауыс
Кім біледі? Мүмкін. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген.
+5 дауыс
Жер бетін білмеймін, белетінім Қазақстанды басқарып отырған 3 адамды білем: еврей Машкеевич, кәріс Ни, күйбала Т Кұлыбаев
+3 дауыс
Комитет-300! Құпия ұйым!
.....................................................
Доктор,бұл қандай ұйым?
0 дауыс
Бул Комитет 300 максаты тугелдей жузеге асып жатыр десек те болады, асiресе бiзге булардын идеологиясы 1991 жылдан бастап катты асер еттi, мыкты держава деген орыстардын озi де солардын курбанына айналды, олардын неше турлi айла-тасiлдерi бар: халыкты азгындату ушiн кыздарынын етегiн котере салса болды, сонын озi жетiп жатыр, жезокше дегендердi осылар ойлап тапкан. Аллахтын жолында осы Комитетчиктермен согысу керек, сосын баска дiн окiлдерiне Ислам дiнiн кабылдату керек. Ал Комитетчиктердi туп-тамырымен жою керек. Бул бос сандырак емес, бул шындык. 2001 жылгы 11 Сентябрь окигасын да осылар колдан уйымдастырган, кешегi Кыргызстандагы ойранды да осылар жасаган, казiргi кезде турмыстык заттарда да солардын зияндары шубырып жур: Кока-Кола, Памперс, Компьютерлер, Уялы телефондар, теледидар, тiптi керек десен кинофильмдер мен мультфильмдерде де булардын коп улесi жур. Спанч Боб мультфильмiнiн бiр узiндiсiнде осыны анык байкауга болады.
...