0 дауыс
1.4k көрілді
Микроблогқа арналған өлең жолдарын тауып бере аласыздар ма? Махаббат,достык....... туралы,

3 жауап

0 дауыс

Сүйіктіме айтатын шумақтарымғой)

*

Алданышым емессің, ардағымсың

Жүрегіме жақын боп қалғаның шын

Мен өзімді бақытты сезінемін

Өмірімде сендей жанның  болғаны үшін

* * * * * * * *

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да

Аспанда ай менен күн шағылса да

Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,

 Саған жар менен артық табылса да!

Абай Құнанбаев

* * * * *

Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!

Мұхтар Шаханов

0 дауыс

Махаббаттың ақ құсының қанатымен. 
Жаным саған алып-ұшып баратын ем. 
Сезімнің жалынымен шарпып сені.
Қоштасуға қия алмай қалатын ең.

 

line105

Жаным менің саған тым жақын екен!
(Мүмкін бұл махаббаттың басы ма екен?)
Тасытатын жүректі, жасытатын,
Сағыну бір өзіңді бақыт екен!


line105
Қимайды өзіңді көңіл шіркін,
Сыр бермейін десемде ішім түтін.
Өзіңді көре алмасам ертелі-кеш,
Шыдап жүре алмаспын менде бір күн.

 

line105

Әрине келісемін айтқаныңа,
Ренжігенді сен меннен байқадың ба?
Кешкісін серуендеуге шықсаң болды,
Менің жоқ одан басқа айтарымда.

 

line105

Ренжіген жоқсын ба? Маған бірақ
Қалып жатса өлеңім саған ұнап,
Бүгінше осыменен демалайық,
Ертеңгісің тағы жазам өлең құрап.

line105

Өзіңдей сұлулармен таныспағам,
Шуақ көрем көзіңен жалындаған.
Көркіңе ешбір жан тең келе алмас,
Әлемдегі аруларда сан мыңдаған.

 

line105

Менің жазған өлеңдерім ұнады ма?
Жақты ма, жақпады ма құлағыңа?
Өздеріңен СМС жауап күтем,
Жауап беру міндет қой сұрағыма.

 

line105

Сүйген жаным сен едің,
Өзіңе мен сенемін.
Сен алыста жүрсең де,
Сезіміңді сеземін.
Сен туралы түс көріп,
Бар ғаламды кеземін.
Сені ғана ойлаймын,
Сеніменен біргемін.

 

0 дауыс
В7 привет!

махаббат деген биык тас

ешким оган шыга алмас

шыгар оган тек кана

кол устаскан еки жас

(ПыСы: микроблог қазақ қаріптерін қабылдамайды)
...