Сүйкімді мен әдемінің айырмашылықтары бар ма?

+1 дауыс
3.2k қаралым
Сүйкімді мен әдемінің айырмашылықтары бар ма? Болса қандай???
Тұлға, Адам Белгісіз

7 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Сіз адамның келбеті туралы сұрап тұрған боларсыз, әрине айырмашылық бар (негізі мағыналас көрінгенмен аздаған нюанстары бар). Мысалы кейбір әдемі адамдар сүйкімді болмауы мүмкін (өте әдемі болғанмен түсі суық, ызғарлы келеді ғой), ал кейбір сүйкімді адамдар онша әдемі болмаса да адамға тартымды көрінеді (жылулық таратып өзіне тартып тұрады)

Бұл екі сөздің айырмашылығы осы деп ойлаймын
0 дауыс
Мен үшін ешқандай да айырмашылығы жоқ! Өмірімде естіген қызық сұрақтарымның бірі екен шынымды айтсам.
Сүйкімді емес, бірақ әдемі! Әдемі емес,сүйкімді, деп естігенмін біреулерден. Осы екеуінің айырмашылықтарын таппадым. Сондықтан сұрағанмын
Қас сұлуларды әдемі депте сүйкімді депте айту айып емес)
0 дауыс
Менiңше бұл синонимдес сөздер.
0 дауыс
Меніңше сүйкімділікте нәзіктіктің белгісі болатын сияқты. Адамға байланысты айтатын болса жүзі жылы. Ал, әдемінің жүзі суықтау болады. Түрі әдемі болғанымен
0 дауыс
Айырмашылығы бар. Орысша: сүйкімді - милая, әдемі - прелестная, сұлу - красивая, көрікті - очаровательная. Сүйкімді сәби, әдемі үй, сұлу қыз, көрікті әйел.
Мен адамға байланысты айтып тұрмын(nod)
сүйкімді бүлдіршін, әдемі қыз )
0 дауыс

Әрине айырмашылық бар сүйкімді деп жүзі жылы, күлімдеп тұратын адамды айтады. Ал сұлу деп жүзі әдемі көрікті т/б айтады, деп санаймын  өзім

0 дауыс
сүйкімді қылығымен , әдемі бет әлпетімен! деп ойлаймын
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы