0 дауыс
682 көрілді
Қайрат Нұртастың әнін тауып бересіздерме? "Арасында тұманның, мен адасқан құланмын, жақындама жыласам..." деп басталатын әні. Тауып бересіздерме? Өтініш!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

http://music.nur.kz/580372-kajrat-nurtas-oj-oj-oj-oj

Қайрат Нұртас-Ой

1. Арасында тұманның,
Мен адасқан құланмын.
Жақындама жыласам,
Мен жаралы бір аңмын.
Сағыныштың сан күні,
Басылмаса жаңбыры.
Жұбатам деп ойлама
Ол да менің тағдырым.

Қ-сы:
Ой, ой
Ойламайтын күнім жоқ,
Ойлай берсем түбі жоқ.
Жылатқан, жылытқан.
Ой, ой
Сенен ауыр көрмедім
Неге маза бермедің?
Ол мені ұмытқан (3 рет).

2. Мұңын шағып түнгі айға,
Бөрі-жүрек тыңдай ма?
Сүлейменнің жүзігін
Қайта тағар күн қайда?
Арман қалсын төсіңде
Елес қалсын есінде.
Кеткен бе едің қалдырып,
Ойлар талап жесін деп.

Қ-сы.

Сiзге көп рахмет!
Жақсы жауап бассаңшы!
...