Судоку (жапон. 数独 су:доку?, айтылуы (?·тыңдау) — «жалғыз сан») — сандары бар танымал бас қатырғыш. Сөзжұмбақтың түрлерінің бірі болып табылады. Жапоншадан аударғанда «су» — «сан», «доку» — «бөлек тұрған ». Кейде судокуды «сиқырлы шаршы», кейде латын шаршысы деп те атайды. Судокуды әлемнің әртүрлі елдеріндегі газеттер мен журналдар белсенді басып шығарады. Судоку жинақтары үлкен таралымдармен (тираж) басылып шығарылады. Судоку шешу — бос уақыт өткізудің танымал түрі.
Ережесі
Ойын алаңы 3 торкөзден тұратын кішігірім шаршыларға бөлінген 9х9 мөршерлі шаршы болып табылады. Сонымен барлық ойын алаңы 81 тордан тұрады. Торларда бастапқы күйінде "сыбырлама" деп аталатын цифрлер (1 ден 9 дейін) тұрады. Ойыншыдан бос торларды 1 ден 9 дейінгі цифрлармен толтыру талап етіледі, сондағысы әр жолда, әр бағанда және әр 3х3 шаршыларда әр цифр тек бір рет қана кездесуі керек.
Судокуның қиындағы бастапқы толтырылған торлар санына тәуелді болмай, оның шығару тәсілдеріне байланысты. Ең қарапайымдары дедуктивті шығарылады: әрқашан әйтеуір тек бір ғана сан келетін тор табылады. Кейбір бас қатырғыштарды бірнеше минут ішінде шығаруға болса, басқаларын шығаруға сағаттар кетіруі мүмкін..
Дұрыс құрастырылған бас қатырғыштың тек бір ғана шешімі бар. Сонда да кейбір сайттарда қиындатылған бас қатырғыш күйінде қолданушыға шығарудың бірнеше нұсқасы бар судоку түрлері ұсынылады, сонымен қатар шығару жолының бұтақтануы да болады.
Шығу тегі
XVIII ғасырда Леонард Эйлер «Carré latin» («Латын шаршысы») ойының шығарды. Осы ойынның негізінде алдыңғы ғасырдың 70-ші жылдары Солтүстік Америкада арнайы сандық сөзжұмбақтар ойлап шығарылды. Осылайша, АҚШ-та судоку 1979 жылы бірінші рет «Dell Puzzle Magazine» журналында пайда болды. Сол кездері ол «Number Place» деп аталған. Судоку нағыз танымалдылықты 1980—1990 жылдары жапондық «Nikoli» журналы осы бас қатырғыштарды өзінің парақшаларында жиі жариялай бастағанда (1986 жылдан бастап) жаулап алды. Бүгінгі таңда судоку — көптеген газеттердің міндетті компоненті. Олардың арсында көп миллиондық таралымдары бар бірталай басылымдар кездеседі, мысалы неміс газеті «Die Zeit»[1], австорлық «Der Standard».[2]..
Толық ақпарат.