Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Толық ақпарат мына жерде.