0 дауыс
47.0k көрілді
Көзім талып кетеді кейде. Көзде шаршайды ғой солай ма?! Тоқтаусыз тарта береді. Оң көз тартса қуанасың,сол көзін тартса ренжисің деп ырымдап жатамыз. Көздің жиі тартуы бір витамин жетпей тұрғандықтан деп ойлаймын мен. Ол қандай дәрумен болуы мүмкін?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көздің тартуы дегеніміз ,көз айналасындағы мимикалық  еттердің біреуінің немесе  бірнешеуінің еріксіз жиырылып тартылуын айтады.Бұл көп жағдайда жүйке жүйесіне витаминдердің В тобы жетіспегенде, немесе адамның жүйкесі шашағанда болады. Өз басым оң көз тартылса, қуанады, сол көз тартылсе реніш болады дегенге сенбеймін Бұл жүйкенің шаршағанының алғашқы белгілері.. Бұндай жағдайда адам  демалып,тыныштандыратын жалбыз,құлмақ, шүйгіншөптер сияқты емдік қасиеті бар жапырақтарды демдеп ішіп, жақсы тыныш жерде ұйықтап алған дұрыс.Еер көз еттері жиі тартылатын болса, құрамында витаминдердің В тобы бар белсенді қоспалар ішу керек..
0 дауыс
Көздің жиі  тартылыуы жақсы нышан.Оның ешқандай зияны жоқ.
0 дауыс
Сол жақ көз немесе оң жақ көз болсын, қайта-қайта тартуы дененің жайсыздануынан болады. Кейбір жағдайда бұл белгі бас сүйектің ішінен ісік өспе шығып, ол ісініп немесе қабынып бет нерв жүйесін басып қалуын білдіреді. Көзді микроскоппен тексеру технологиясының дамуына байланысты кейбір науқастарға мынадай қорытынды жасалды: Жас кезінде бас сүйек ішкі нерв жүйесін қисайған қан тамыр басып тұрғанымен, ол дер кезінде байқалмайды. Тек  орта жастан асқанда немесе қартайғанда артерия қан тамыры қатайып, қан қысымы өрлеп, қан тамырдың күшті соғуы нерв жүйесін соққылап, сонан көз тартатындығы анықталды. Сондықтан, ұзақ уақыт көз тартатын кінәрат жабысса, ол артерия қан тамырының қатаюының белгісі болуы мүмкін. Оған барынша мән беріп, дер кезінде тексерілу керек.
Кірпік қағудың жиілеуі
Кірпік қағу – қорғау сипатты нерв жүйесінің рефлексі. Қалыпты жағдайда, кірпік бір минутта он рет қағылады, әр реті 0,3 секунд мөлшерінде болады. Кірпік қағудың рөлі көз ішіндегі жасты көздің мүйіз қабығына тегіс жеткізіп, оның ылғалдығын сақтап тұру. Кірпік қағу көздің тор қабығы мен бұлшық етін дем алдырады. Бірақ кірпік қағудың тым жиілеуі қалыпсыздық. Қабақ бұлшық етін басқаратын нерв жүйесі тітіркенгенде немесе шектен тыс шаршап, суық тиіп, ұйқысы шала болса, сондай-ақ сәуле қызметі толықсыз болу ауруы, солитор құрт ауруы, трахома, созылмалы көз дәнекер қабығы қабыну, мүйіз қабығына зат түсу немесе нерв жүйесі ауруларына шалдыққанда, қабақтың бұлшық еті рефлексті түрде ретсіз жиырылады. Бұл патологиялық лездік қозғалыс деп аталады. Кірпік қағудың жиілеуі деген міне осы. Кірпік қағудың жиілеуі ұзақ уақыт басылмаса, дер кезінде тексеріліп, себебін анықтатып, жүйелі түрде емделу керек.
Көз не үшін жасаурап тұрады?
Жасаурау дегеніміз – жастың көп болуы деген сөз. Мұндайда көз үнемі жасаурап тұрады немесе сәл тітіркенсе-ақ  жас ағып,  тоқтамайды. Жасаурап тұрудың себептері мыналар:
Бірінші, қабақтың қалыпсызыдығы. Қалыпты жағдайда қабақтың құрылымы мен қозғалысы адам көз жасының қалыпты қозғалысын және мұрын қуысына өтуін қамтамасыздандырып тұрады. Қабақтың бет нерв жүйесі жансызданып қабақтың жабылуы мен ашылуы қалыпты болмаса көз жасаурап тұрады.
Екінші, мұрын ауруы. Мұрын қабынуы, мұрын сыртқы жарақаты, мұрын түймешігі, мұрын шершеуінің қисаюы немесе мұрын қуысы өспесі, т.б. себептерден жастың жолы бітеліп немесе тарайып, жасаурап тұру пайда болады.
Үшінші, жас жолы қабынып, оны тарайтады немесе бітеп алады.
Қай жердегі ақпарат?
0 дауыс
көз неге жиі түйіліп ауырып одан кейін басым аурады бұл нені білдіреді
...