0 дауыс
552 көрілді
Өз қолыммен сайтқа қалай шаблон жасауға болады? Ондай сайттар бар ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайтқа өз қолыңызбен шаблон жасау әрине мүмкін. Ол тіпті оңай. Бастысы, ықылас білдіріп, ізденіңіз. Йә, ол үшін HTML, CSS, JavaScript, PHP тілдерін білу керексіз. Тек, менің берер кеңесім, ол тілдерді үйренемін деп том-том кітап оқып, қаптаған видеосабақтар жүктеп алудың қажеті жоқ. Бұл тек адамның ынтасын сөндіріп тастайды. Неге? Себебі, қажеттілік болмаса, адам өзін күштеп үйрете алмайды. Есесіне, қызығушылық төмендейді. Қарапайым жеңіл сайттарды жасаумен бастаңыз. Өзіңізге жеңіл болады. Және, әр нәрсе өз ритмімен табиғи қажеттілік бойынша, аздан көпке, жеңілден күрделіге баяу ауысуы керек. Ең бастысы, асықпай, тоқтамай. Алдығызға нақты тапсырма қойыңыз. Сайтты жасау үшін, қағазға қысқа да нұсқа алгоритмін жазасыз, тапсырмаларды топ-топқа жілікше жіктеп, әрі қарай жасалу уақытына саналы түрде интервал уақытын белгілейсіз. Өстіп жоспар құрып, сол жоспарға бағынып істі бастайсыз. Бастысы ынта, қалғанын - гугл амигодан сұрайсыз. Ағылшынша, орысша ісздейсіз. Ынта мен шын ниет еткен адам барлық белесті бағындырады, маған сеніңіз. Сәттілік!
былайғо. php ды қазірше тастап қойыңыз. бірініш юкоздағы HTML жақсы. сол жерден АШТМЛ ,КСС,ЖС бәрін уйрене алады. ал басқа движокқа келгенде ПШП үйреніңіз. ааа айтпақшы шаблон жасау үшін міндетті түрде макет жасай білу керек. макеттен әрі қарай сайт жасайсыз.
+1 дауыс
Өз қолыңызбен сайтқа шаблон жасау үшін сіз "HTML", "CSS", "PHP", "js", "jq" деген тілдерді жатқа білуііз қажет, қарапайым шаблон жасау үшін "HTML", "CSS", "PHP" лерді білсеңіз жеткілікті.  Google-дан іздеп көріңіз Урок Html. css т.б. деп. Сәттілік!
0 дауыс

zyro.com Керемет демо Конструктор!

...