0 дауыс
9.0k көрілді
Найманның ішіндегі Қожан деген ру жайлы не білесіздер?

20 жауап

–1 дауыс
Найман руының ішінде Қожан деген ру жоқ тек Қожа деген бар. Бірақ ол руға жатпайды.
Қожан деген ру бар.
Жүзге жатпайдығой
–1 дауыс
Және ғана сұрақ қойды соған Мадияр 1996 https://surak.baribar.kz/343701/ былай жауап берді осыдан қорытынды шығаруға болар еді?
Қожа мен Қожан бөлек , айналайын.
+1 дауыс
Наймандарда Қожан деген ру естімеппін, ал Қожа деген ру ол оңтүстіктен келген, Ақтайлақ би ертіп әкеліп, алғаш Аягөз жеріне мешіт салдырған, Аягөз жеріне мұсылманшылықты алып келген рулардың бірі
0 дауыс
бүгін бір наймандардың шежіре қартынан осы ру жайлы сұрадым, Қожаға жатпайтын жеке бір ру екен. Негізгі аталары Қожанның Семіз Найман екен
Бұл сұраққа осыншама қызығушылық білдіргеніңізге рахмет! Сұрақ қойған қолданушыда сізге алғысын білдірер!
өзімді қызықтарыд шежіре тақырыбы, сол себепті барымша жауап бергім келді ізденіп
Мені де қызықтырады! Руымның шежіресін қарап отырсам барлығымыз бір атадан тараған үлкен ұрпақ екенімізді көріп "ойланамын"!
кейнгі жастар сен сияқты ойлап бір бірімен бауырмал болса ғой
0 дауыс
мен  Найман ішінде Қожанмын не білгің келеді
0 дауыс
Абылай Мен Қожанмын неге сұрап жүрсің ?әлде өзің қожансыңба біз Қожаға үш қайнаса сорпамыз қосылмайд.

менің шежірем;«Орта жүз Найман арысының Төлегетай табы, Байжігіт тайпасының Қожан руы, Итжан  атаның Алдаберген әулетіненмін».
Ассалаумағалейкум. Сізбен қалай байланысуға болады?
0 дауыс
Мен кытайдан кошып келген кожанбын, албай дан тараймыз,көшып келгелі 12жыл болды!
0 дауыс
Қожан деген ру бар. орта жузге жатады. ұраны "ақ жол" Қаракесектен (Болатқожа) тарайды  Абылай ханның батырларынын бірі. коп таралған аумағы Қарқаралы ауданы
0 дауыс
Найман - Белгібай - Сүйініш - Төлегетай  - Қытай - Қаракерей - Мейрам - Ерторы - Байсыйық - Жанғұлы - Қожан. Байсыйық бабамыздан 5 ұл туады: Меңлібай, Жанғұлы, Жаңбыршы, Қарамолда, Меңдеке (лақап аты Төбет). Осы 5 бабамыз етжеңді, кесек  адамдар болыпты. Өрдегі үйсіннің бір дауына жұбын жазбай барған екен. Үйсіннің бір биі мына өңкей семіздерің кім дегенде, бұлар Наймандар деген дейді аңызда. Содан Байсыйық ұрпағы Семіз Найман атаныпты.

Найман Қаракерей ішінде бес Байыстың  біреуі Байшігіт. Байжігіттен 3 ұл туады: Мәмбет, Тоғас, Жұмық.

Жұмықтан 6 ұл туады: Саты, Мәметек, Қошқарбай, Қайқы, Сайболат, Қожан. Найман ішінде осы екі Қожаннан басқа ру жоқ. Тегінде рубасы аталу атақты адамдарға бұйырған. Олар не көзсіз батыр болған, не айтулы би болған.
0 дауыс
Жаңғұлы Кенжебай, көп рахмет сізге! Қыз бала болсам да шежіремді білгім ақ келеді. Білетін атам Мұхаметхан марқұм болып кетті. Кішкентай кезімде ақсақалдар келіп атама қалжындасып" Қотыр Қожан!"дейтұгын. "Неге олай дейсіздер?"- дегенімде-"2 Қожан бар. Бірі - Қотыр Қожан, екіншісі - Ұры Қожан!" деген күліп,-"Ұры Қожандардан байқа!"-деп күлгені есімде. Қалжын болса да есімде қалыпты. Қожаннан ары жалғасын жетінші атама дейін білгім келеді. Бауырым кішкентай, болашақ ұрпағы білуі керек қой. Сізде Қожаннын ары шежіресі бар болса риза болар едім.
0 дауыс
Құрметті Қожан руының қазақтары. Мына жерде вк-да Қожандар тобы бар екен. https://m.vk.com/club88423803
0 дауыс

Мен ҚОЖАНМЫН . ШҚО уржар ауданында турамын.   негізінен қожандар коп  емес сондыктан таты әлі шықпаған олар енди кобейе бастаған ру .Сосын жоғарыда бір кісі ҚОЖАНДЫ руга жатпайды дейді , бірақ ол кісі қателеседі 

 

0 дауыс
Мен Тарбағатайданмын Кожанмын оның ішіңде Жанбаймын,негізгі жеріміз кайда? коп тарағанбыз ба? мақтанып айтатын ата-бабаларымыз барма?кім не біледи?
0 дауыс
Мен найман ишинде кожан кожан ишинде нурбайданмын ата тегим мекени шыгыс казақстан тарбагатай ауданы шилікті ауылы
0 дауыс

ӨТІНІШ найман Жоламан батыр кім?: Құрметті оқырман қауым, құрметті Найман руының ұрпақтары! Менің алтыншы атам найманның батыры Жоламан деген болыпты. Ол Керейдің байы және батыры Есентайдың Гүлсары деген қызымен үйленеді. Одан Қосназар туады, яғни менің 5-ші атам. Жоламан батыр өлген соң Қосназар шешесімен бірге Семейдің Аягөзіндегі нағашыларына қайтып келеді. Көп ұзамай шешесіГүлсары қайтыс болады. Есентай қызынан қалған жас жетімді "Гүлсарымнан қалған көз, Жоламанның ұрпағы"- деп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсіреді. Қосназардың ұрпағы Гүлсары Керей атансындеп аманат етеді. Оқиға 1760 жылдар шамасында болса керек. Содан бері Қосназардан тараған ұрпақ керей болып келеміз. Руымыздың ақсақалдары өздерін найманбыз дейді. Бірақ найман Жоламан батыр кімнен тарайды, найманның ішінде қайсы руы екені бізге беймәлім. Сіздерден осы туралы білетіндеріңіз болса немесе Жоламанға туыстық қатынастарыңыз болса, не болмаса Найман руының шежіресін білетін, зерттеген, жазған адамдарды білсеңіздер маған мәлімет беруіңізді өтінемін: E.mail:*Emails are not allowed* тел-WhatsApp +7-701-639-45-45. Рахмет

...