+3 дауыс
61.1k көрілді
Қыз қылықты болуы керек пе? Және қыздың мінезі қандай болуы керек?

12 жауап

+13 дауыс
 
Жақсы жауап
қыз өзіне тән сыпайылық, инабатты, және өз өзіне қарайтын, әдемі болуы керек ғой. қыздарды гүлге теңеген ғой, сондықтан гүл секілді нәзік, көркем, қараса көз тоймайтындай болуы керек деп ойлайм. сұлу емес қыз болмайды, тек өз өзінеқарап, сәнденіп жүрсе барлығыда өзіне тән әдемі ғой. Алла әр қызды әдемі етіп жаратады, тек сол әдемілігін әр қайсысы әр түрлі сақтайды. мысалы биге қатысатын қыздардың әдемі емесі жоқ ғой, сондықтан қыздырдың сұлулығы тәрбиесіне де байланысты, яғни, тәрбиелі қыз міндетті түрдеде красавица болады)
+12 дауыс
Менiң ойымша қазақ қызы тәрбиелi, байсалды, көркем, мейрiмдi, ақылды, өзiн-өзi жоғары ұстап, өзiнiң ғана емес өзгенiңде пiркiрiн тыңдай  алатын, одан нәтиже шығара алатын, ой пiкiрiн қорықпай айта алатын қыз болу тиiс...
+6 дауыс
Менiң ойымша, қыз баласы тумасынан өте нәзiк жандар. Сондықтанда қыз балаға сабырлық, сыпайылық мiнез жарасады. Қазақта қызды қырық үйден тыйу деген сөз бар. Мiне сол үшiн тәрбиелi, иманды, ибалы қыздар әрбiр ер азаматтың жүрегiне жол таба алатынына сенем. Негiзi әрбiр қыз өзiнiң табиғи мiнезiмен сұлу емес пе?  Егер сол мiнезiн жақсы нәрселерге пайдалана алса. Әрдайым қазақтың тәрбиелi де ибалы қыздары көп болғай!
0 дауыс
Қыз - қыз сияқты болуы керек!!!
-----------
+7 дауыс
"Қыз қылығымен сүйкімді" демей ме осы?! қылықты болғанның да еш зияны жоқ шығар... менім ойымша инабатты, ибалы, иманды болса жетіп жатыр деп ойлаймын!
+5 дауыс
Әрине,қылығы болмаса несі қыз. Бірақ ол қылықтылық өнегеге,әдепке негізделген нәзік те,тартымды болса ондай қыздардан жігіттер айналар еді.
+3 дауыс
Әрине қыз қылықты болуы керек! Қыз бала шошақай және дөрекі болмауы қажет. Ол қыз балаға тән қылық емес.
+6 дауыс
меніңше қыз қылықты болғаны абзал. оның кейбір жігіттің көңілін аулаудың өзі сол қылықтары арқылы жүзеге асыруға болады емес пе? қандай жігіт болмасын қыздың еркелегенін, ес аудыратын тәтті қылықтарынан өзіне деген мейірбандылығын сезініп, жақындау үстіне жақындау түскісі келеді деп ойлаймын. сол үшін қылықты болғаны дұрыс. ал мінезі ашық, тілтапқыш, ақжарқын, көңілді жүретін қыздар (бірақ шошақай емес) жігіттің көңілін тез табады деп есептеймін.
+1 дауыс
Әрине, қыз қылықты болу керек. Сонымен қатар иманды, сыпайы, мәдениетті, мейірімді, адал, тәрбиелі, инабатты болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткені дұрыс деп ойлаймын.
0 дауыс
ибалылык инабаттылык кана казак кызына тан касиет
0 дауыс
Ия дұрыс айтасыздар! Қыз өз қылқымен сүйкімді көрінеді. Нәзіктікті қыз бойына ұялатса, қыздарымыз өте сыпайы, сүйкімді көрінеді. 
...