Өз басым Елбасымызды Мемлекет басқаруында әрқашан көргім келеді, бірақ референдумды еш қолдамаймын. Референдумды жағымпаздардың кезекті жағыну әрекеті деп білем. Амандық болып, Елбасымыз сайлауға қайта түсіп жатса, жасаған жемісті жылдарының нәтижесімен қайта сайланатынына күмәнім жоқ. Нағыз Көшбасшы. Бірақ, Мемлекетіміздің Атазаңы сарғайып архивтерде жату үшін жазылмаған еді ғой. Сайлау мәселесінде Сайлау туралы заңды неге ұмытып кетуіміз керек. Елімізде шешімі табылмай жатқан дін, қоғам, экономикалық мәселелер жеткілікті еді ғой, биліктегі жағымпаздар неге соларды талқылап, әрекет етпеске ...