0 дауыс
654 көрілді
өз өміріңді ұзарту үшін не істеу керек?
Сұрақты бас әріппен қой! Және ілмекті дұрыс жаз! бір сөйлемнің арасына үтір қойып шықпайды. Мысалы былай: өмір, ем-дом, халықтық емдеу, ұзақ өмір сүру

1 жауап

+1 дауыс
Генетикалық тұрғыда адамзат баласына 120 жыл өмір «кепілдік» делінген. Алайда, біздің ғасырымызда бұл жасқа жету қиынның қияметі. Жапондықтар орташа есеппен 79 жас, Австралиялықтар мен гректер, Канада мен Шведтер-78-ге дейін, немістер мен америкалықтар - 76 жылға дейін өмір сүреді екен. Ал, Түркі халықтары мен орыстарда өмірсұру деңгейі әлдеқайда қысқа. 67 жастан асқандар есеңгірей бастайды... Халықаралық дәрігерлер тобы мен психолог, диетологтар «Мәңгі жастықтың он сырын» ашқан. Бұны біліп жүру ешкімгеартықтық етпейді. 1. Тәбетке тыйым салу қажет!Күнделікті тұтынатын 2.500 калорияға + 1.500 калорияны қосыңыз, одан артығы ысырап. Ауқат - адам жасушаларын жаңартып, түрлі індеттерге қарсы тұру иммунитеттерін күшейтеді. Қысқасы: аздан жеңіз, тым аз жеу де зиян. 2. Қоректенетін тағам деннің шымыр болуы мен тән сұлулығының жақсы сақталуына әсер етеді.Жаңғақ жегенді ұнататын әйелдің бетіне алғашқы ажым 30 жастан кейін түседі. 50 ден асқандарға сүйектері тың болу үшін калтсий мен магний аса қажет. Ол жүрек тамырларының жұмысына оң әсер етеді. 40-қа таяп қалған ер азамат химиялық қоспалар пайдалануы тиіс. Мәселен, натрий, калтсий. 50-дегі егде азаматтың балық жегені жөн. 3. Өзіңізге лайықты, жаныңа жақын жұмыс табыңыз.Француздар мамандықтың - адамның талғамынан шыққаныдұрыс дейді. Бақытты адам жұмысқа қуанышпен барып, мақтанышпен қайтады. Жұмыссыз бос жүргендер өз жасынан 5 жыл бұрын ерте қартаяды. Әлеуметтанушылардың пікірінше, кейбір мамандықтар жас көрінуіңе көмектеседі. Бұндай мамандықтарға дирижер, философ, суретші мендіни қызметтер жатады. 4. Жүрегіңіз қалаған адаммен өміріңіздің қиындықтарымен бөлісуге тырысыңыз.Жан дүниеңізді түсінетін жар, жолдас іздеңіз! Махаббат пен мейірімділік қартаюға қарсы тұратын бірден-бір күшті тәсіл. Аптасына екі рет тән рахатын сезініңіз. 5. Қоғамдағы жағдаяттарға өз көзқарасыңыз болсын.Айналасына көп мән беретін, сұлулыққа ғашық адам депрессияға түспейді. Өзгелерден оқшауланған жан толқынның ағысына қарсы жүзген адам. 6. Қимылдаңыз!Күніне кем дегенде 8 минут спортпен айланысудың өзі өмірді ұзартады. 7. Салқын бөлмеде ұйықтаңыз!17-18 градус бөлмеде ұйықтаған адамның өмір бойы жап-жас болып өтетіні алдеқашан дәлелденген. 8. Өзіңізге көңіл бөліп, еркелетіңіз.Қалаған нәрсеңізді ақша үнемдемей сатып алуға тырысыңыз. 9. Ешқашан ашу-ызаны ішке сақтамаңыз.Әр нәрсені ішіне тығып, шешіліп сөйлемейтін адамдар жазылмайтын дертке ұшырайды. Қатерлі ісік індетіне (рак) шалдыққандардың 64 пайызы іште тұмшаланған заһар мен зәрді сыртқа шығармағандар. 10. Миды шыңдап, жаттықтырыңыз!Уақытты бос өткізбей, ең құрығанда сөз жұмбақты ермек қылыңыз. Ұжымдық ойын залына барыңыз, ойланатын ермек табыңыз, тіл меңгеріңіз. Мимен жұмыс істеудің өзі зат алмасу процесін күшейтіп, жүрек талмасы індетінен сақтайды. Ақпарат http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/9263 осы жерден алынды.

Ұқсас сұрақтар

...