0 дауыс
635 көрілді
Ата анаға деген перзеттің  парызын калай түсінесіңдер?Қазіргі жастарымыздың осы сұраққа деген жауабы!

1 жауап

0 дауыс
жұмақ ата анаңның аяғының астында дейді ғой,анасы түн ұйқысын төрт бөліп,жандары қалмай балам киінсін,жұрттан қалмасын деп,барын баласына байлайды,қазіргі кезде тіпті көздері жәудіреген қарттар тентіреп қанғып жүр,кейбіреуі қарттар үйінде,осының барлығы ата анасына деген сыйластығы жоқтығынан,Бала – әке-шешенің перзенті, ұрпағы.

Ата-анаға құрмет, туысқандық қарым­қатынасты ұстану Исламда ерекше бағаланады. Аллаһ Тағала Құран кәрiмде: «Раббың  Өзiне ғана  құлшылық етулерiңдi және әке-шешеге жақсылық қылуларыңды бұйырды» – дейдi (Әл-Исра, 23-аят). Адам баласы өзiне сансыз нығметтер берген ата-анасына да сондай iлтипат етуi керек. Ибн  Аббас (р.ғ.): «Үш аятта үш нәрсе қатар түсiрiлген, бiрiнсiз-бiрi қабыл болмайды», – деген.

Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі, әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының қас-қабағына қарап, қал жағдайларын айтқызбай аңғарады және олардың жеп-ішу, киім-кешек, ұйқы-демалысын қадағалап, әр нәрседен көңілдерін тауып, мерейлерін өсіреді. Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға – міндетті, сәби шағында өзін қалай  бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып мәпелеуге борышты.
...