Негізінде қыздарды ауылдың қызы қаланың қызы деп бөлмеу керек.Өйткені әр адам өзінің қай жерде тұратынын өзі шешкен жоқ қой, оны Құдай өзі шешті. Кейбіреулері ауылдың қызын менсінбей жатады, өйткені олардың киімдері, өздерін күтуі нашар, ал қаланың қыздары өз-өздеріне жақсы қарап, барлық жағдайды жасайды. Ал бірақ негізінде қалалық қыз әп-әдемі, сұлу болып, бірақ оның қолынан түк келмейтін, білімі жоқ, жеңілтек болса не керегі бар? Сосын көбінесе қаланың қыздары ауылдың жеріне келін боп түскенде, ауылдың тірлігіне көнбей, аяғы ажырасумен аяқталады. Ал ауылдың қыздарына ол түк емес. Яғни, ауылдың қызын қалаға, ал қаланың қызын ауылға апарып қойса, онда екеуі де әп--сәтте өзгеріп шыға келед.