Қазақтың хан дойбысы деген ойынын естіген едім ол қандай ойын? оны қалай ойнайды?

0 дауыс
2.9k қаралым
Қазақтың хан дойбысы деген ойынын естіген едім ол қандай ойын? оны қалай ойнайды? арнай сайт барма сол ойынды үйретететін?....
• Санаты: Өнер Белгісіз

1 жауап

+1 дауыс
Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастары табылған. Кигіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалынған екен. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін үйсін мемлекетінің заманымен сайкестендіріп отыр. Хан дойбысы – ойынының ерекшелігі мұнда қазақ хандығының, демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген. Жалпыдойбыойыны – адамзат ақыл ойының жемісі. Адам өзінің мақсат-мүддесін іске асыру жолында төрт бұрышты шағын торкөз тақта ішіне саси көзқарастардың күресін салып қойған. Қазақ ұғымында дойбы ойыны екіге бөлінеді.Текті және тексіздойбыболып.Тексіз дойбы– олөзіміздің күнде ойнап жүрген кәдімгі қарапайым дойбы ойнымыз. Мұнда қай тас біріншіболып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандайда тектілік байқалмайды. Кім мықты болса, сол ел басқарадыдеген сөз. Ал,текті дойбы дегеніміз– ол «Хан дойбысы». Оның жеке ханы болады. Биі болады. Бегі болады. Алаша халқы болады. Тентегі және қарашасы бар. Әр қайсысының төрткөз тор тақтада атқаратын міндеті бар. Қандай ерлік жасаса да, өз дәрежесінен бір елі де ауытқымайды. Ханы хан, биі би болып қала береді. Бұл ойынның тағы бір ғанибеті хан тек ханның қара қасқа жолымен жүреді. Басқа жерде ол билігін жүргізе алмайды, тек қана ықпал етеді. Ойынның жүріс-тұрысы да өзгеше. Тек алға және екі жанына қарай жүреді. Артқа қайтпайды. Қазақтың «Ер екі сойлемейді» деген дәстүр заңын сақтайды. Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал бар. Төртеуміз түсінікті. Ал, алтау дегеніміз кім? Алтау ол– «Хан дойбысы» ойынының кейіпкерлері. Таратып айтар болсақ:Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Бұлар барлығы әркез басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс. Қысқасы, алтауы ала болмауға тиіс. Бұл ойынға қатысушы екі адам ханның рөлін атқарады. Ал, хан болған соң, қол астында біршама халық болады, сондай-ақ жаулары да болатыны сөзсіз.Алдыныздағы төрткөз тортақтаны ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кімнің ақыл айласы жоғары болса, саяси ақылы басым болса, сол адам жеңіске жететіндігі белгілі. Бұл ойын түрінен философиялық ойдың бұғып жатқанын байқайсыз. Шынтуайтында, қазір тек техниканың дамып жатқан заманы. Ал философияның пайда болғанына сан мың жылдар болды. Міне, осы «Хан дойбы» ойнынын сол философияның бастауы ретіндеқарауға болады. Хан дойбысы -білген адамға сыры мен қыры терең, құны өлшеусіз, философиялық мәні зор, болашағы баянды, ата-бабаларымыздан қалған таптырмас мол мұраның бірі болып саналады. Дойбының ең ғажайыбы оның кестесінде.Кесте-ою-өрнектермен нақышталған. Ал, тақтадағы ортақ фигура қазақтың киіз үйі. Киіз үйдің сыртындағы ою-өрнектері, шаңырағының түсі, олардың дәрежесін, нақтылай айтсақ ханы мен қарашасын, би мен батырын анықтауға көмектеседі. Хан кестесі жеті қазына мен жеті ырыстан құралады. Онда төрт қанатты ою хан тағының белгісі, «қарашасыз хан болмайды, құйрықсыз құс болмайды» дегендей ханның екі серігі болады. Оң жағында серкесі, сол жағында қыран бүркіті. Ал, хан тағының оң жағына ел-жұрт орналасады. Олар: билерден, бектерден, алаштардан құралады.Билер– кілең көк түсті,Бектері– кілең қызыл түсті,Алаштар– қара түсті болады. Ал ханның сол жағына телі-тентектер орналасады. Жалпы жиырма төрт үйден құралған екі хандықақедік, көкедікболып ерсілі қарсылы ойнайды. Қай жеңгені жалпақ дүниеге билік айтады. Осы жерде Ақедік хандығы жайлы қысқаша таныстырып өтейік. Хандықтың төбелі төрі болған хан тағымен ханның қара қасқа жолында төрт қанатты оюмен өрнектелген хандары үлкенінен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады, көк үй, алтын үй, күміс күй. Хандықтың оң жағындағы ел-жұртының төбелі төрінде көктүсті билер үлкеннен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады: үш қанатты би, екі қанатты би, бір қанатты би. Билердің алдына қызыл түсті бектер үлкенінен кішісініне қарай қаз-қатар орналасады. Үш қанатты бек, екі қанатты бек, бір қанатты бек. Бектердің алдында қара түсті алаштары үлкенінен кішісіне қарай қаз-қатар орналасады: үш қанатты алаш, екі қанатты алаш, бір қанатты алаш. Хандықтың сол жағындағы тентектер жұртына түссіз тентектер орналасады. Келесі Көкедік хандығы дәл осылай құрылады. Бұл ақыл парасаттың ел басқарудағы ілімділіктің ойыны болып табылады. Кесте астрономиялық танымдардан бастап философия, экономика, ғылым, мәдениет, саясат, мемлекет құру жүйесі, демократия, секілді сан алуан саланы бір тұғырға тоғыстырады. Сондықтан да оның төрелігі әділ. Жеңгені ерулік алып, хан болып ел сұрайды. Жеңілгені айыбына жұртының билігін береді. Ақпарат http://www.namys.kz/?p=14011 осы жерден алынды.

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы