Салем! Бір талай пікірлер жазылыпты, менде өз пікірімді қосып кетейін. Жалпы қыздардың бәрі бірдей, тек олардың орталары әр түрлі. Ауылдың қыздары ибалы сыпайы болып келеді, тамақты өте керемет жасайды, сенбесеңіз мен жасаған тамақты жеп көріңіз, мақтанғаным емес. Қаланың қыздары еліктегіш келеді, оларды бұзатын орта көп. мысалы түнгі клубтың өзі жетеді, а ауылда ондай жоқ. Кейбір қыздарды көріп қынжыласың расында бұл қазақтың қаракөз қыздары ма деп, ауыздарында темекі, қолдарында сыра, үстерінде қысқа киімдер.... айта берсең жетерлік. Олар өмірге солай келмейді ғой, оны екінші рет солай дүниеге әкелген соның жүрген ортасы. Сондықтан сұрақ қоюшы Ертеміс мырза тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні-қазақ қыздары бірдей. Олардың тек өмір сүріп жатқан орталары әр түрлі. Сөз соңында Қазақ қызы деген киелі атқа, дақ түсірмейік аяулы арулар!!!