Бұл сұраққа толығырақ жауап бере кеткен жөн шығар! Тек осынша сүйек осынша шаш демей барынша көңіліңізден шыққанша жауап беріп көрейін! Алла-Тағаланың ерекше жаратылысы саналатын Адамның дене құрылысы мен ағзасы толып жатқан жұмбақ. Яғни әр мүшеміздің әрқайсысының атқаратын жұмыстары алуан түрлі.Осыған қарап,адамның денесінде артық мүше жоқтығына көзің жете түсетіндей.Енді денеміздегі кейбір мүшелердің атқаратын жұмыстарына қысқаша тоқталып өтейік. Бұлшық еттер: Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды. Орташа алғанда,ерледе әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады. Ең үлкен бұлшық ет-Бөксе бұлшық еті болып саналады. Ол жүру,жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа,ал денені алдыға қарай серпу қызметін атқарады.Сондай-ақ құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық етте күшті болып саналады. Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алса,ағзаға көбірек оттегі қажет болғандықтан,есіней бастайды. Есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады. Есінеу кезінде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап,адамды сергітеді. Кей адамдар есінеген кезде ауыздарын қатты ашады,сондықтын олардың жақтары жылжиды да,ауыздарын жаба алмай қалады. Өкпе және тыныс алу: Біз демалғанда немесе ұйықтағанда тек 3-4 секунда бір рет тыныс аламыз. Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді. Терең тыныстағанда өкпеге 2-3 литр ауа барады. Ал қалыпты тыныс алғанда бір минут ішінде өкпе 10 литрдей ауаны,қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны сыртқа айдайды. Демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанымызға қарамастан,өкпемізде жарты литрдей ауа қалады.Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін,адамның терең тыныс алуына оттегінің жетіспеушілігі емес,қанда еріген көмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбүр етеді Сезім мүшелері мен сезімдер: Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі төрт дәм-тәтті,тұзды,қышқыл және ащыны ғана ажыратады. Керісінше,мұрын 10000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады екен. Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда,мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысын келген иісті сезеді. Біздің тамақты дәмді дейтініміз-тек дәмдер ғана емес,түрлі иістерді сезінуін де. Жүйке және ми туралы айтар болсақ,кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бөліктерін нашар көрсетеді,сондықтан одан мидың бөліктерін көре алмаймыыз. Рентгенге түсірілген суреттен көрінетін зат "рентгендік-контрастілік" бояғыш деп аталады. Оны қан тамырларынң ішін және мидың айналасындағысын көру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен миға қан құйылу (инсульт)кезінде болатын,қан-тамырларының бітелуін табуға болады. Орташа алғанда ми 1,4кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы жағын алып жатады. Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек,өйткені ерлер әйелдерден ірілеу болып келеді. Дегенмен дене мөлшерімен салыстырғанда,әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.Ал бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша -ми қабықтары қоршаған.Олар жұлын сұйықтығын қамтиды. Ми өзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді Тері,шаш пен тырнақ: Әдетте бастағы шаш аптасына 3,5 миллиметрге ұзарады.Орта есеппен алғанда,адамның басында 100000-нан 120000-ға дейін шаш болады.Ал бүкіл денеде саны 20миллионға дейін жететін өзге де түктер болады. Әрбір кірпік 1-2 ай ғана өмір сүреді де,түсіп қалады,содан кейін ол фолликулдан жаңа кірпік өсіп шығады. Тырнақ аптасына 2,5 миллиметрге өседі.Ал көбірек қимылдайтын қолдың тырнақтары жылдамырақ өседі екен.Егер сіз солақай болсаңыз сол қолыңыздың тырнақтары оң қолдікіне қарағанда тез өседі екен. Сондай-ақ тырнақтар қыс мезгіліне қарағанда,жазда жылдам өседі.Тіпті қолдың тырнақтары аяқтың тырнақтарынан жылдам жетіледі. Тырнақ астындағы кірдің бір грамында 380миллион микроб болады. Сүйектер туралы таңғажайып фактілер де баршылық.Яғни біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады,ал сүйектер тек бестен бір бөлігін ғана құрайды. Бір ғана бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14-бет және 8-і ми сүйегі.Ал ең ұсақ сүйектер-құлақтағы ұсақ үш сүйек. Бүкіл дененің төрттен бір бөлігін құрайтын сан сүйегі денедегі ең үлкен сүйекке жатады. Сондай-ақ денеміздегі ең жалпақ сүйек жамбас сүйегі.Ал көптеген адамдарда 12жұп қабырға бар,тек 500 адамның біріде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады. Басқа да таңғажайып фактілер: Ересек адамның бойындағы жүйке тамырлардың жалпы ұзындығы 75км болады.Жүйкедегі импульстер(қозғалыстар)секундына 90метр жылдамдықпен жүреді. Адам миының жасушаларында-80%,бұлшық еттерінде-76%,сүйектерінде 25%су болады. Бауыр арқылы 1минутта 1,5литр қан,ал тәулігіне 2000литр қан өтеді . Тіс кіреукесінің қаттылығын кварцпен салыстыруға болады. Өткір қылыштың өзі тіс кіреукесінен майысып қалады. Адам өмір бойы 2,5тонна нәруыз,1,3тонна май,75тонна су тұтынады. Адам 60жасының 20 жылын ұйқымен өткізеді.