0 дауыс
1.8k көрілді
Ринат Зайтовтың Қазақ осы деген айтыс жолдарын қайдан алуға болады толығымен?

3 жауап

–1 дауыс
Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
осыма
Бұл Ринат Зайтовтың өлеңі емес, Қадыр Мырза Әлидің "Қазақ осы" атты өлеңі
+1 дауыс

өзінен алуға болады

0 дауыс
Жәйлауында жүрген жігіт бағып қой, 20 жылдық жасап жатыр анық той. Күнделікті көріп жүрсің сен оны, Нағыз қазақ осы міне танып қой. Қазақ осы алтын, мұнай қазатын, Қазақ осы биікке қол созатын, Қазақ осы қай бәйгеге салсаңда, Оқ бойымен дара келіп озатын. Қазақ осы дара келіп озатын, Қазақ осы өзі батыр, өзі ақын, Қазақ осы қатпар-қатпар тарихын, Қағаз емес тасқа басып жазатын. Қазақ осы бір Аллаға сенетін, Қонағына қолда барын төгетін, Қырғызға да қазақ жоқ деп сөйлеген, Астанада төрден орын беретін. Қазақ осы: Абай, Мұхтар, Шәкәрім, Еш ұмытпаған ұлылықтың қатарын, Бар әлемге машкүр қылып атағын, Болашаққа жасап жатыр сапарын. Қазақ осы: Кенесары, Абылай, Ер Қабанбай, Бөгенбай мен Ағыбай, Қазақ осы таудай болып алатын, Қанша шашып тастасаң да тарыдай. Қазақ осы Дінмұхамменд Қонаев, Бір ағыстың арнасында болайық, Көк аспан мен қыран құстың астында, Қуаныштың тоқырауын соғайық. Қазақ осы 86, желтоқсан, Бостандықтың темір торын серпе ашқан, Құлағымды саған кесіп берейін, Бұл қазақтан артық туған ел тапсаң !
...