0 дауыс
722 көрілді
Келесі жылы ИншАллах убт, әзірге ешқандай дайындық жоқ. Әйтседағы, кеш емес деп ойлаймын, сондықтан, математика, физика дегендерден қалай дайындалуға болады? Анау фундаменттен бастау  (5 сыныптан) міндет пе? Ұсыныстарыңызды айтсаңыздар. Бір екі ауыз сөзбен жауап бермеуге мүмкіндігінше тырысыңыздар.

5 жауап

0 дауыс
Сәлем!мен биыл ҰБТ тапсырдым,94 балл жинадым.Физиканы білмеймін,матемды 5 тен бастап оқыған дұрыс.
0 дауыс
Еш қашан да оқу қоқу кеш болмайды?
0 дауыс
ҰБТ-дан жоғарғы балл алғың келсе қазірден бастап дайындал. Математикадан 5 класстан бастап дайындал. 5 сыныпта сен бқлшек сандармен жұмыс жасауды үйренесің және ондық бөлшек және б.тәнғ аралас сандармен жүмыс жасайсың. 6 сыныпта Рационал сандар (оң және теріс), теңдеу, теңсіздіктермен танысасың. 7 сыныпта дәреженің қасиеттері мен математиканың әліппесі қысқаша көбейту формуласын жаттайсың. 8 сыныпта Түбір және оның қасиеттерін, иррационал сандар, тригонометрияның негізгі теңдіктерін жаттайсың. 9 сыныпта Арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессияларды оқисың. 10 сыныпта туынды, тригонометриялық теңдеу, теңсіздіктерді оқисың. 11 сыныпта алғашқы функция, интеграл, логарифмдерді оқисың. Негізгі ҰБТ-да келетін есептердің негізгі осы тақырыптар. Ерінбей оқысаң жаман болмайсын. Ал физикадан негізгі 5 тарауға боліп оқысаң қиын емес. Иншаллах оқысаң грантқа түсесің.
+1 дауыс
Ассалумағалейкум Менде биыл Ұбт-ға кірдім әрине оңай болған жоқ біраз дайындық керек. Ал сенің сауалыңа келсек қалай дайындалған дұрыс деген оған айтарым бірінші кезекте "Математика" оған әрине 5тен бастап 11ге дейінгі есептер келеді,және геометрияға да дайындалғаның дұрыс,сосын логикалық есептерге де дайныдал. Ең бірінші математикадан репетитрға барып бөлшектен бастап тригонометрияға дейін бәрін үйрен,математикадан бір үлкен дәптер арна да соған есепті тақырып бойыншы жаз да оның шығарылу жолын да жаз және де анықтамасын да жатта кейбір сұрақтарда конус деген не деген сияқты анықтамасын да сұрайды қазірден бастап есептердің формулаларын жатта оны да білсең өзіңе оңай болады,сосын логикалық есептерге де дайындал. Ал физикаға келсек ештеңе айта алмаймын өзімнің таңдау пәнім биология болған соң,оған да барынша дайындал. Ал енди Тарих бұл пәнде қинайтыны жылдар оны жаттаудың ең тиімді жолы сол жылы болған оқиғаны соған қатысты адамдармен байланыстырып жаттау,тек қана мысалға тың игеру қашан басталды 1954 жылы деп емес ол жылы тың игеру не үшін басталды қандай себептерге байланысты деген сияқты бір-бірімен байланыстырып жаттау керек. Ал енді Қазақ тілі бұл ендІ оңай ережелер сөз таптары сөйлемнің түрлері,байланысу тәсілдері,байланысу түрлері,жалғау деген не түбір деген не барлық майда-шүйдені білу керек. Ал енді ең мән бермейтін пәніміз ол Орыс тілі бұдан да барынша дайындал әйтпесе 2алып қалу қаупі бар,себебі баға аттестатқа түседі,себебі өзім бәрібір алып тастайды ғой деп 5-ақ балл алып қалдым зорға дегенде 3-алдым деген сөз. Сондықтан барыңды салып дайындал күн-демей түн-демей дайындал. Ал сәттілік ҰБТ-дан 125 балл алуыңа тілектеспін!!!
0 дауыс
ҰБТ-Ға математика пәнінен http://*****.kz сайты көмегімен дайындалуыңа болады.Себебі сол жерде есептің шығарылу жолы толық көрсетіледі.Қыркүйек айында математика пәнінен сұрақ-жауап сайты ашылады.Сол жерге шығара алмаған есебіңді жазсаң,сайттағы қолданушылар жауап береді.Сәттілік!
...