0 дауыс
494 көрілді

3 жауап

+1 дауыс
Мен уйде откiздiм. Мешiтке бiздiн уйдегi еркектер кеттi. Мешiтте откiзгiм келген. Бiрак онда айелдерге арналган орын жок.
0 дауыс
Құрметті Майрош. Кім барған болса, тек Алла разылығы үшін барды. Оны елге жария қылудың қажеті жоқ.....
Құрметті 001кз сіз неге менім сұрақтарыма үнемі пікір жазып отырасыз? әлде бұл сіздің әдетіңіз ба? Өтініш қойңызшы бұл әдетті.
Өйткені Тараздықтар қарапайым,балл алуға ұмтылмайды.]:)
+1 дауыс
2009жыл Қадір түнін мешітте өткіздім. өзіміздің шағын район мешітінде өткіздім. көп уағыздар айтылды, намаз, дұға,зікірлер айтылды. сосын алдымен ерлер,артынша айелдер сәресіне тамақ іштік. қауын,қарбыз,бауырсак тағысын тағы... сосын айелдер болып орнын жинап, таңға жуық , қалған тамақтарды бөлісіп, уйге қайттық.
2010 жыл. Қадір түнін Ақтөбе қаласындағы Нұр ғасыр мешітінде өткіздім. сол жылы Түркиядан білгір имам келіп, Құран хатымды түгелдей намазда оқып шықты. Намаз ұзаққа созылды. тіпті кейбір апаларымыз рукуг,сәждеге шыдай алмай, отырып оқыды. Намаз бітісімен уйге қайттым.
2011жыл Қадір түні Қазақстанға келіп үлгермей,  Россияда өткіздім. Екатеренбург қаласында. онда мешіттер өте аз, және мен қонақтаған жерден алыс болғандықтан, мешітке бара алмадым. Ресейдегі апам тунгі сменге жұмысқа шығып кетті. ал мені көрші мұсылман қырғыздарға тапсырып кетті. олардың үйінде де, түнімен уағыздар,хадистер, дұғалар айтып түнімен ұйықтамадық. Дастарханда тамаққа толы болды.
2012жыл.   иншалла, мешітте мұсылмандармен бірге өткізем деген ойдамын.

Майрош, негізінен, осы Қадір түні деп ешкім кесіп- пішіп айта алмайды. "Қадір түнін рамазан айынынң соңғы 10 күнінің тақ сандарынан іздеңдер" деген. біздер мұсылмандар сол түн деп уміттеніп, мешітке асығамыз, жамағатпен бірге болуға.

Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1); Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді. Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады. Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады. Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін.strong text
...