Киноварь деген сынап бен күкірттің қоспасы, бұл табиғатта кездесетін минерал. Жасанды,лабораториялық жолмен алуға да болады. Алғашқы рет Қытай, Үнді елдерінде кызыл бояу ретінде пайдаланған,кейін басқа елдерге де тараған. Киноварь қатты қызған кезде таза сынап буы бөлініп шығады, және сынап буын салқындатқанда сұйық куйге өтеді,осылай сынап өндірген. Антибиотиктер ашылғанға дейін, сифилис ауруын осы киноварьмен емдеген.бірақ жақсы нәтижеге жеткенмен сынап ағзаны улап кері әсерін тигізген. Киноварьдың кауіптілігі де осы құрамындағы сынаптың улылығы деп түсінемін.Себебі ашық ауада киноварь тотығып сынаптың тотығы мен күкірттің тотығы түзіледі. Бұлар екеуі де өте зиянды заттар Дегенмен қазіргі заманның өзінде икона салатын суретшілер осы баяуды қолданады және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаса, зиян.тимейді. Мысалы киноварь суда ерімейді, ол тек тұз қышқылы мен азот қышқылының белгілі бір мөлшерде араласқан қоспасында ғана ериді.Киноварь кристалын ұнтақтаған кезде мұрынға маска киіп,қолға колғап киген дұрыс. Киноварьды қыздыруға, болмайды., Аузы жабық шыны ыдыста , қара-көлеңке жерде сақтаған жөн.