Жер бетіндегі ең ежелгі айнаның жасы 7 мың жылға жуық. Шыны айнаны ойлап тапқанға дейін тас пен металды пайдаланған:алтын, күмiс, қола, қалайы, мыс, тау хрусталы.
Айнаның тарихы сонау тереңде жатыр. Оны сонау Ежелгі Шумер, Үнді елі және Мысырда жасаған. Басында айнаны шыны тәріздес, қаралау түсті обсидиан, қола және күмістен дайындаған. Алғашқы шыны айналарды жасауды XII ғасырда Мурано аралына қоныс теуіп, сонда жұмыс істеген венециялық шеберлер үйренген екен. Бірде Муранодағы шыны жасаушылар кішкентай мәрмәрдің бетіне қалайыны жайып тастап, үстінен сынап құяды. Сынап қосылған қалайыдан «амальгама» деп аталатын қоспа дайын болыпты. Оның үстіне шыны әйнек жабыстырған. Венециялықтар бұл құпияларын 200 жылдан астам уақыт бойы сақтап, айнаны қымбат бағаға саудалаған.
Айналарды жасау үшін шыны, металдар, ағаш, пластмасса, лактер, бояу және басқа материалдарды қолданады.
.