+4 дауыс
963 көрілді

Құрметті сайт қолданушылары. СЖ сайтының өркендеп, осындай танымал әрі үлкен сайт болып отқаны сіздердің арқаларыңыз.

Осы орайда сайттың дамуы үшін қаражат көзі қажет болып жатады. Сол үшін СЖ сайтына жарнама көзін қарастырып жатқан жайымыз бар. Ол қаражат СЖ-ның ары қарай дамуына құрал-жабдық(сервер) алу үшін, оның жылдық арендасы, техникалық мамандарды жалдау, сайттың сырт келбетін ретке келтіріп көрікті болуы үшін жұмсалынады. Егер сіз сапалы, көрікті СЖ сайтына кіргіңіз келсе, сіз де біз үшін аздаған болса да көмектеріңіз керек болады. Біз сайтқа сіздерге пайдалы деген жарнаманы орналастыратын боламыз. Жағымсыз жарнамаларды орналастыруға жол бермейміз. Сондықтан сайттың дамуына үлес қосқыларыңыз келсе, сайттағы жарнаманы күніне бір рет келгенде шертіп отсаңыздар екен. Жарнама берушілер сайттағы жарнаманың тиімді болғанын талап етеді, жарнама сайт қолданушыларына тиімді өтетін болса, бізге келетін жарнама да көптеп  болатын еді. Ал көрсеткіш төмен болатын болса, жарнама берушілер де сайтқа жарнаманы орнатуға құлықсыз болады. Егер сіз сайтқа күніне бір рет кіргенде 1 рет сайттағы жарнаманы шертіп қоятын болсаңыз ол көрсеткіш бізге пайдалы. Тиісінше біз сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін сайт істен шықпасын деп, мықты сервер ала-аламыз, оны қадағалап тексеріп отыратын арнайы маманды жұмысқа алып оған айлық төлей аламын дәрежеге жетеміз. Сырт келбетін де арнайы мамндарға жақсылап жасатып, көрікті ете аламыз. Сондықтан сіздерге өтініш сайтқа кіргенде бір рет болса да сайттағы жарнамаларды шертіп отырсаңыздар және таныстарыңызға осы жағдайды айта отырсаңыздар. Бұл сіздердің сайттың дамуына деген кішкене болса да көмектеріңіз.

Сайттағы жарнаманы көрсетпеуі үшін басым бөлігіңіз браулеріңізге Adblock Plus қосымшасын орнатып қойған боларсыздар. Біздің сайт сіздерге жағымсыз жарнаманы көрсетпейді. Пайдалы болар деген жарнамаларды көрсететін боламыз. Сондықтан СЖ сайтын Белый список сайтов дегенге қосып қойсаңыздар. Ол үшін Адрестің қатардағы ABP батырмасын бір рет шертіп Включён на этом сайте дегеннен птичканы алып тастасаңыздар.

Түсінбеген сұрақтарыңыз болса, ұсыныс, пікірлеріңіздер астына жазсаңыздар жауап беріп өтейін.

Ертеңнен бастап сайттың жоғарғы жағында бір жарнаманы көрсетуді бастаймыз, сайттың өркендеуі үшін сайттағы жарнамаларды көріп, қиындық туғызбаса баннерді басып тұрсаңыздар. Алдын-ала рахмет.

қолданушылардың бәрі бірдей гугл хром қолданбайды деп ойлаймын. басқа браузерлерденде көрсетсеңіз екен.
Қателеспесем барлық браузерлерде де осындай жүйеде жұмыс жасайды. Негізгі браузер Хром болғандықтан соған негізделе отырып жаздым. Сондықтан аса бір айырмашылық болмауы керек.
Барлық браузерде\Adblock Plus те сайтты автоматты түрде жоғарыда көрсетілген скриндегі ақ тізімге қосу мүмкіншілігі қарастырыла бермеген, сол себептіде қосымша баптауындағы фильтрге мына адресті жазып қойсаңыздар "@@|https://surak.baribar.kz" ((сайтты қолмен ақ тізімге қосу жолы... Менің жағдайымда Мозила браузері үшін))

8 жауап

+4 дауыс
Әрине, қолдан келгенше көмектесеміз ғой)
+2 дауыс

Егер сізде басқа AdBlock қосымшасы орнатылған болса СЖ-сайын жақсы сайттар қатарына былай қосып қойсаңыз болады.

ABP батырмасын таба алмадым)
Сайтқа кіргенде оң жақта Аспаз атты сары баннер көрсетіліп тұрса, онда іздеп қажеті жоқ. Ол кезде сайттағы жарнамалар көрсетіледі, сайттағы баннерді сайтқа кіргенде бір рет шертіп өтіп тұрсаң бізге үлкен қолдау болатын еді. Рахмет.
ммм түсіндім
0 дауыс
Админ бұл телефонмен кіргенде де жарнаманы шертуге болады ма? Жарнамалар телефон кiргенде де шыға ма?
:) Телефонмен кіретін қолданушыларға мен мейлінше баннерлерді көрсетпеуге тырысамын. Себебі әр баннер 30 килобайттан тұратынын ескерсек телефонмен кіретіндерге ыңғайсыз. Сондықтан телефонмен кіретін қолданушыларда баннер көрсетілмейді. Ниеттеріңе рахмет.
0 дауыс
қолдан келгенше қолдау көрсетуге дайынмын.
+3 дауыс

Мозила браузеріндегі Adblock Plus қосымшасына, Сұрақ-жауап сайтын ақ тізімге енгізу жолы!

 

 

 

скриншотты қандай прогамен түсірдің? айтып жіберші,егер құпия болмаса)
Белгісіз
Оған ешқандай программа қажет емес,клавиатурадағы printScreenSysRq дп тұрған клавишті басып,пайнтқа вставить етесіз
Мендегі Ashampoo snap 5 программасына ұқсайды екен.
Akjol_96, Ұқсамайды... сол Ashampoo snap 5 тің дәл өзі!:)  no no, Ashampoo snap 5 бағдарламасы!
Амор мына программаң керемет екен!
Амор, іштей сол-ау деп ойлағанмын. :)
...::::D
+2 дауыс
Қолдан келгенше көмектеміз ғой) Бірақ менде мынадай болып тұр:

ондай батырма тек адблок қосымшасы барларда ғана тұрады..яғни сіз алаңдамай жарнаманы баса берсеңіз болады...
аа рахмет!
мынаны қалай істедіңіз. экранды суретке қалай тусірдіңіз
клавиатурадағы printScreenSysRq дп тұрған клавишті басып,пайнтқа вставить етесіз
Мендегі Ashampoo snap 5 программасы арқылы жасауға болады.
Мен фотошоппен жасаймын.
–3 дауыс
Админ! Сізге табыс тілеймін. Адблокқа үйреніп кеттік.Қалағаныңызша жарнама қоя беріңіз!
–2 дауыс
Бәрі де ойдағыдай болады,шертіп отырамыз
...