0 дауыс
970 көрілді

- Маған 2 алма бер, сол кезде менің алмаларым сенікінен 2 есе көп болады, - деді бірінші оқушы екіншісіне.

- Бұл әділетсіздік! Дұрысы, сен маған 1 алма бер, сол кезде екеуміздің алмаларымыз тең болады,-деп жауап берді екінші оқушы біріншісіне.

                              Сұрақ: Әрқайсысында неше алмадан бар?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл есептің оңай жауабы - теңдеу құру.

1-інші оқушының алмаларының саны-x.

2-інші оқушының алмаларының саны-y.

-Маған 2 алма бер, сол кезде менің алмаларым сенікінен 2 есе көп болады, - деді бірінші оқушы екіншісіне.===>>>

x+2=2(y-2) немесе x+2=2y-4 <=> 2y-x=6

Бұл әділетсіздік! Дұрысы, сен маған 1 алма бер, сол кезде екеуміздің алмаларымыз тең болады,-деп жауап берді екінші оқушы біріншісіне.===>>>

y+1=x-1 <=> x-y=2

1-інші теңдікті 2-інші теңдікке қоссақ:

2y-x+x-y=6+2

y=8

x-8=2

x=10

Яғни

1-інші оқушының алмаларының саны-10.

2-інші оқушының алмаларының саны-8.
–2 дауыс
Мүмкін біріншісінде жоқ болған,ал екіншісінде 1 алма
–2 дауыс
БИРИНШИ БАЛАДА 3АЛМА ЕКИНШИ БАЛАДА 2 АЛМА
жауабыңызды сәл ойланып қараңызшы. сіздің жауабыңыз дұрыс емес сияқты.
сосын, CapsLock кнопкасын өшіріп қосаңыз...
...