+1 дауыс
30.0k көрілді
Өт жолында тас қайдан пайда болады? Тастың пайда болуынан қалай сақтану керек?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бүгінде өтінде тас пайда болып,содан зардап шегіп жүргендер баршылық. Бұл жағдай науқасқа аса жайсыз тиеді. Өйткені бұл кезде асқазан асты безі, бауыр, асқазан, аш ішек те зардап шегеді. Әсіресе операцияарқылы өт қабын ашып тастағаннан кейін адам 3-тен 6 айға дейін түрлі қабынулардан зардап шегуі мүмкін. Осы кезде ағзада ферменттік ашығу пайдаболады. Бұл кезде адамның тамаққа тәбеті төмендеуі, тіпті жоғалуы да мүмкін, ас ішкенде қорыта алмай қиналады, ауызда күйік дәмі сезіледі, ауыз құрғайды, іш ауырады, кекіргенде аузынан тамақ иісі немесе күлімсі иіс шығады, іші қатады немесе бұзылады. Кейде адам тамақ ішіп болған соң құсып тастайды. Көптеген адамдар операциядан кейін дәрігер ескерткен нәрселерді ұмытады, қа­жетті диета ұстанбайды, көп­теген қателіктер жібереді. Егер мұндай кезде адам дұ­рыс тамақтанбаса, асығыс, шикілі-пісілі, құрғақ тамақты жиі ішсе, ауруы қайта асқынады. Бір сипатты тағамды үнемі пайдалану, ұйқыға тың­қия тойып жату, қуырылған ащы, өткір дәмді тағамдарды көп ішу, алкогольді ішімдікке тым әуестік ас қорыту органдарының жұмысын ауырлатады, оларды артық күшжұм­сауға мәжбүрлейді, нәтиже­сінде ішкі ағза мүшелерінің қосалқы күші сарқылады, ас қорыту мүшелері жұмысының үйлесімділігі жойылады. Тағамның ағзада жылжуы, қи­мылы баяулайды, ас қорыту­ға қажетті фермиттер де өз қызметінен жаңылады. Өтте тас түзілуі көбіне созылмалы гастритпен қатар жүреді. Өйткені асқазанда тұз қышқылынан басқа да ферменттер түзіледі. Осылардың бірі – пепсиноген. Ағзада баяу қозғалыста болатын ол тұз қышқылының әсерімен тағам құрамындағы ферменттерді ыдырататын белсенді ферментке айналады. Ал гастрит асқынғанда бұл процесс баяулайды да, асқазанда, ішекте және өттегі ферменттер әсе­рі­мен ыдырауы тиіс ақуыз­дар нашар сіңіріледі, сөйтіп ішек­тің кілегей қабатын зақым­дайды. Сондықтан ол мұн­дай заттардан тезірек құтылуға тырысады, ақырында іш бүлінеді. Астың дұрыс қорытылмауы созылмалы панкреа­титте де кездеседі, бұл кезде асқазан асты безінің фер­мент­тер бөлінуі тежеледі. Ол бел аумағында ауырсыну жә­не іш бұзылуы арқылы бел­гі береді. Мұндайда адамның үлкен дәреті сұйылып, көп мөл­шердешығады. Ол кө­­бік­теніп, толыққорытылмаған аспен шығуы дамүмкін. Фермент жетіспеу­шілігікіші дә­реттің саз балшық сияқтанып, жабысқақ болып бөлінуіне де себеп. Ферменттік жетіспеушілік байқалған кезде науқас дәрі­гербекіткен режимді қатаң сақтауытиіс, ферменттерді толықтыратын препараттар ішуі керек. Диета сақтау қажет. Мұндай кезде іш ауруын, іш кебуін, іш бұзылуын, жүрек айнуын күшейтетін тағам атаулыдан бас тарту қажет. Сырқаттанған ағза мүшесіне пайда болған кінәраттан өз кү­шімен арылуға мүмкіндік жасап, демалыс беру керек. Ақпарат http://www.zamana.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=4323:ottegi-tas&catid=1:latest-news&Itemid=62 осы жерден алынды.
+1 дауыс

Мына сілтемені қарап көріңіз, сіздің сұрағыңызға ұқсас жауаптар, мұнда  өт жолындағы тастарды емі https://surak.baribar.kz/322401/  және менің ойым: Өт жолында тас ащы, тым тұзды,сондай-ақ, түрлі жасанды иістері бар дәмдеуіштері бар тағамдарды жеу салдарынан,яғни сырттан пайда болады деп ойлаймын. Сақтану жолы: осы аталғандарды мейлінше аз қолдану, қайнатылған су, сүт ішіп,емдік шөп-дәрі, фито чай-лар ішсе, уақытында алдын-алып тазарып тұратын болар. Мен кейде ащы тағамды аппетит ашу үшін жеп, кейін шөп-дәрімен тазартып отырамын, осылай етіп көріңіз.

0 дауыс
Пайда болу себебі көп, жиі кездесетіне су арқылы шығар, толық тазартылмаған суды көп ішкеннен жинақталады, алдын алу түсінікті ғой енді))
0 дауыс
Қысқаша айтсақ , өттің өт қабынан ағып кетуінің бұзылуынан және холецистит дейтин өт қабы қабынуынан. Дұрыс ағып кете алмаған өт өт қабында жиналып , судың астына тұнба түзілетін сияқты өттің құрамындағы заттар  түбіне шөгіп,жинала бастайды. Содан уақыт өте келе тасқа айналады. Алдын алу --- дұрыс тамақтану, өт жолдары ауруларын уақытында емдеу
0 дауыс
Өтті алып тастаганна
...