Қарақұрт (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Көздері күндізде түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді. Өрмектен жасалған піләдағы, (5-12) жұмыртқалары, (1200-2000) қыстап, көктемде жас қарақұрттар шығып, 6 рет түлеп, маусымда толық жетілген ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді. [1]
Денесі шағын (ұрғашысының тұрқы 10 – 20 мм, еркегі 4 – 7 мм), түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Маңғыстаудың шөлді және далалы аймақтарында кездеседі. Қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100 – 700 жұмыртқа салып, оларды пілләсімен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жан-жаққа тарайды. Әсіресе ұрғашы Қарақұрттың уы адам мен малға өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ Қарақұрт шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жіберу керек.[2]
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%82