0 дауыс
23.5k көрілді
Адам мұрынындағы қара точкаларды қалай кетіруге болады? Қандай жолдары бар? Ең оңай жолы қандай?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Беттегі қара нүктелер кез-келген қыздың басынан өтетін кең таралған проблема. Қара нүктелер көбінесе маңдайда немесе мұрында кездеседі. Әрине, беттегі қара нүктелерді кетірудің бірнеше жолдары бар, оған арналған түрлі косметикалық құралдар да аз емес.

Май жетіспейді

Диетолог мамандардың айтуынша, қазіргі адамдарға май қышқылдары жетіспейді. Осының өзі май бездерінің дұрыс қызмет атқармауының негізгі себебі және соның салдарынан безеулер пайда болады. Бұл мәселенің шешімі оңай, күнде таңертең ашқарынға зәйтүн майынан бір қасық ішіп отырыңыз. Терінің тазалығы үшін оның маңызы зор, сонымен қатар май қышқылдары жақсарып, безеу сізді мазаламайтын болады.

В дәрумені жетіспейді

В витаминінің жетіспеуінен май бездері тым белсенді жұмыс істеп, терідегі ұсақ тесіктер бітеліп қалады. Дәріханада сатылатын В витаминіне бай сыра ашытқысы қара нүктелерлен құтылуға пайдасы зор. Бір курсын үзбей ішсеңіз, нәтижесін берері анық.

Жиі жуынбау керек

Беттің жұмсақ болуы үшін оны тазалап тұру қажет екені рас. Бірақ, кейде сол тазалаудың өзінен зардап шегіп жататындар бар. Көпіршіктер мен гельдерді жиі пайдалану бет терісінің тез құртылуына алып келеді. Нәтижесінде, терігдегі ұсақ тесіктер одан сайын бітеледі. Сондықтан, күніне екі реттен көп жуынбай, бетіңізге арналған түрлі құралдарды жиі пайдаланып теріңізді құртып алмаңыз!

Майлы тағамдарды көп жемеңіз

Қуырылған картоп сынды майлы тағамдар безеудің көбеюіне алып келеді. Холестерині көп майлы тағамдарды жесеңіз, бетіңізге бірден әсер етеді.

Жасұнық жетіспейді (клетчатка)

Жасұныққа бай тағамдар терінің жұмсақ әрі әдемі болуына көмектеседі. Жеміс-жидектер мен көкөністер ағзаның тазаруына пайдалы. Ал ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуінен дақтар, безеулер пайда болады. Сондықтан, көкөніс пен жеміс-жидек рационыңызда болсын!

Қышқыл сүт өнімдерін ұнатпайсыз

Айран, қатық сынды қышқыл сүт өнімдерін соңғы рет қашан ішкеніңіз есіңізде ме? Дәл солар ішек жолы жұмысын жақсартып, деніңіздің саулығын қамтамасыз етеді. Ал нәтижесі бет теріңізден де бірден байқалады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

+2 дауыс
Қара нүктелер, немесе комедондар бет терісінің май бездерінің шаң немесе кірмен бітелуіне байланысты пайда болады. Осы себептен терінің ұсақ тесіктері қара түске бояна бастайды. Адам көзіне ол қара нүктелер болып көрінеді.

Комедондар беттің Т-зонасында көптеп шығады, себебі бұл жердің терісі майлы болып келеді. Сондықтан қара нүктелерді көбінесе мұрын, маңдай және иекте байқаса болады.

Назарыңызға ұсынылып отырған маскамен қара нүктелерді кетіруге болады.

Құрамы:

1 шай қасық сода;

1 шай қасық тұз;

Крем;

Жуынуға арналған көбік.

Құрамдас заттарды араластырып қоямыз. Бет терісін көбік немесе басқа да сұйықтықпен тазалаймыз. Қоспаны бетімізге жағып, қолымызбен ысқылаймыз. Назарыңызды қара нүктелер көп жиналған жерлерге бөліңіз. Масканы бетте 5 минутқа қалдырып, кейін жуып тастаңыз. Бетіңіз қызаруы әбден мүмкін. Бұл жарты сағаттан кейін дұрысталады. Теріңіздің қызарғаны кеткеннен кейін бетіңіздің  кіршіксіз таза екенін байқайсыз. Қара нүктелер екі аптадан кейін оралуы әбден мүмкін. Масканы сол уақыта қайталасаңыз болады.
0 дауыс
қара точкаларды кетіру мүмкін емес,себебі,менде бірнеше амал қолданып қарадым
...