Адам кез келген сәтсіздікке ұшырай алады. Ол майда-шүйде немесе тым үлкен бола алады. Оның үстіне, сәтсіздік әрқашан ыңғайсыз бір уақытта пайда болады. Бәрі де ойдағыдай болып жатыр деген кезде аяқ астынан
сәтсіздікке ұшыраймыз. Біз басқа жаққа безіп кетудің де, бірдеңені өзгертудің де мүмкін еместігін байқаймыз. Адам үмітсізденіп, түңіле бастайды. Бірақ сәтсіздікке душар болған адам ішімдікке ұрынатын немесе сәтсіздіктің себептерін анықтап алудан бас тартатын болса, ақыр соңында бұл енжарлыққа немесе күйгелектенуге әкеп соғады. Адамның өмірі құлдырап, ол өз өмірін керемет бір сый ретінде емес, керексіз жүк ретінде қабылдай бастайды. Адам болашақтан күдер үзе бастайды. Күннің шуағы ол үшін аптап ыстық қана бола бастайды.
Адамның қол жеткізген жетістіктері өткінші деген ұғым бар. Сондықтан әр адам өз өмірінің әйтеуір бір кезеңінде сәтсіздікке ұшырамай қоймайды. Сол сәтсіздік майда-шүйде де бола бермейді.
Өз өміріңізде сәтсіздікке ұшыраған кезді есіңізге алыңызшы.Ол нендей сәтсіздік болған еді? Адамзат тарихындағы ең ұлы адамдар да осындай жағдайға ұшырап отырғаны туралы ой сол кезде келген жоқ па? Демосфен, Альберт Эйнштейн, Авраам Линкольн, Уолт Дисней, Энрике Карузо, Генри Форд, Тони Моррисон - осылардың бәрі де сәтсіздікке мойыған жоқ, керісінше соған қарамастан табысқа жете білді. Аттары тарихта қалған адамдардың жеке қасиеттері қандай сәтсіздіктердің әсерімен қалыптасқанына қарайықшы.
Авраам Линкольннің алғашқы ауқымды келісімі сәтсіз аяқталды.
Сүйген ғашығы тойға жетпей қайтыс болды. Содан көп ұзамай ол жүйке ауруына ұшырады. 1838 жылы ол спикердің сайлауына қатысып, оған өте алмай қалды. 1848 жылы конгреске қайта сайланбады. 1849 жылы жер учаскелерінің инспекторы жұмысына қабылданбай қалды.1856 жылы вице-президент лауазымына сайланбады. 1858 жылы ол қайтадан сенатқа сайланбады. Бірақ Авраам Линкольннің табысқа бәрібір қол жеткізгенін біз білеміз. Ол АҚШ-тың 16-шы президенті болып, 1863 жылы құлдарға азаттық жариялады.
Энрике Карузо өзінің ән мұғалімінен: "Сенің дауысыңды Тибрдің түбінде жатқан алтынмен салыстыруға болады.Бірақ соны сыртқа шығарамын деп еңбектену пайдасыз" - дегенбағалау естіген. Оған ән айтуды таста деп кеңес берген, себебі ол бірнеше нотаны да ала алмайтын болған. Бірақ Карузо берілмеген. Ол бар күшін салып, әнші болып, тарихта"тенорлардың королі" деген атын қалдырған.
Альберт Эйнштейн математика емтиханынан құлаған.
Генри Форд жасы 40-тан асқан шағында банкрот болған.
Тони Моррисон күйеуімен ажырасып, екі ұлын жалғыз өзі өсірген. 1967 жылы оның "The Bluest Eye" деген алғашқы кітабы шықты. Ол кітап еш табысқа ие болмады. Біраз үзілістен соң ол қайтадан жазушылықпен айналыса бастап, 1987 жылы Принстон университетінде кафедра меңгерушісі болған алғашқы қара нәсілді әйел болды. 1988 жылы көркем әдебиеттегі жетістіктері үшін Пулитцер сыйына ие болды. 1993 жылы дүниежүзілік әдебиетке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығыныңжүлдегері болды.
Атақты грек шешені Демосфен жұрттың алдына шығып сөз сөйлеуден қатты қысылатын болған. Оның үстіне, ол сол үшін әкесінің бай мүлкінен де айырылып қалды. Ол өзінің осыкемістігін жоюға кірісіп, уақыт өте адамзат тарихындағы ең көрнекті шешенге айналды. Тіпті 2300 жылдан кейін де оған байланысты нәрселер жоғары оқу орындарында әлі де пайдалы.
Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болар еді, бірақ соның мағынасы түсінікті: біз кейін зор табыстарға қол жеткізетін салаларда кейде зор сәтсіздіктерге ұшыраймыз. Адам өмірі қысқа, ал ұйқы, тамақ пен жұмыстан кейін қалатын уақыт одан да қысқа. Егер сәтсіздік осы адамдардың бетін қайырып тастағанда, адамзаттың тарихы мен қазіргі жағдайы мүлдем басқа болар еді. Олардың қажырлылықтарымен қайсарлықтарының нәтижесінде құлдық жойылып, Микки Маус күнде балаларды қуантады.
Жігер-батылдықтың маңызды бөлігі. Ал батылдық көрсету үшін адам өзінің бар күшін жұмылдыра білуі керек. Сәтсіздікті адамның күшін жұмылдыруына түрткі болатынсынақ, мінезін шыңдайтын жаттығу ретінде қарастыра аламыз. "Трагедиядан кейін триумф келеді" деген
түсінік бар. Біздің әрқайсымыз жаратылысымыздан бір жаңа нәрсені шығарып, соны жүзеге асыруға күш салатын өзімізше Линкольн, Эйнштейн, Диснейлерміз. Доктор Ллойд Джон Огилви, АҚШ сенатының капелланы "Facing the Future Without Fear" ("Болашақты қорқынышсыз қабылдау") деген кітабында былай деп жазады:
Құдай бізге әрқашан"Қорықпаңдар!" деген үндеу тастайды. Киелі кітапты осы сөз 366 рет кездеседі - жылдың әр күніне бір-бір реттен келеді, тіпті кібісе жылының қосымша күніне арналғаны да бар! Киелі кітапта осы сөз айтылған соң көбінесе Құдайдың <жар боламын> деген немесе Оның сенімділік, ізгілік, сүйіспеншілік туралы не қиын-қыстау кезеңде көмек беремін деген уәдесі айтылады.
Сіз сәтсіздікке ұшырадыңыз ба? Жоғарыда айтылғанды есіңізде сақтап, Құдайдың сенімділігіне, ізгілігі мен мейірбандылығына және Оның" Қорықпа!" деген шақыруына сенім артыңыз! Сонда табыс өзін көп күттірмейді.