Сен жақсы көрген қыз сені жақсы көрмесе, ол сен үшін өте қиын нәрсе. Ол мүмкін сенің ұнататыныңды білмейтін шығар, егер олай болса өзің ақырындап білдір. Гүл сыйла, кездесуге шақыр, пікірлес. Ал мүлдем оған көнбесе, саған дөрекі жауап берсе, амал қанша ол қыз саған лайық емес. Айналаңа қара, қасыңдағы қыздарға зер сал, мүмкін сені де өте жақсы көріп жүрген қыздар бар шығар. Ең бастысы - еңсең түспесін, өмірде әсем гүлдер қаншама көп, "Менің дағы бір аққуым бар шығар", - деген Алтынбек Қоразбаевтың Әлішер Каримов орындайтын әні бар ғой, соны тыңда. Сенің дағы бір аққуың бар шығар, сол аққуыңды тауып, бақытты болатыныңа сенемін және өте тілеймін. Ол қыз мені жақсы көрмеді деп сары уайымға салынба!Алға сеніммен қара жақсы азамат бол.