Менің жеке ойым: реферат деген не? Ғылыми (ең төменгі немесе ең төменгі деңгейлердің бірі болса да) зерттеу жұмысы ғой! Негізінен рефераттар оқушылардың кішкене зерттеу жұмысымен айналыстыратын іс болуы керек еді. Алай да оқушылар-студенттер көшіре салады да өткізе салады. Бар істегені табу және copy+paste, болды! Бұның осыншама куйінішті жағдайға ұшырағаны мұғалімдерден де бар, оқушылардан да бар. Оқушыныкі түсінікті ғой - жалқаулық! Халява қайда болса, оқушы да сонда. Ондай мүмкіндік берсе, оқушы жібермес. Ал таң қалдырарлық жәйт мұғалімдерден. Негізінен рефератты "көшірткізетіндер" осы мұғалім деген қасиетті атаумен жүргендер. Олар жәй ғана көшіруге жол бергені былай тұрсын (иә, олар рефераттардың көшірілгенін біледі және оған көз жұмады, бірақ аса "дарындылары" реферат көшіріліп жазылады деген ойдан аса алмағандар, әсіресе жас мұғалімдер), бірақ рефераттарды оқушыға жаздырмай, мәжбүрлетіп көшірткізетін де дәл осы мұғалімдер ғой! Олар не істейді? Рефератты жұмысқа бергенде кем дегенде 5, бірақ көбіне 10, тіпті 15, 20 беттер қылып та береді. Оқушы оны қалай жазсын? Әрине, "мәжбүрлі түрде" көшіреді де салады. Одан гөрі 2-3, максимум 5 бет қылса (тақырыпқа байланысты), бірақ та плагиаризмге қатаң тиым салса, мүмкін құрметті akbope және басқалар мұнда осындай "рефетар қайдан алам?" деген сұрақ қоймай-ақ қоюшы еді ме екен?