Бавария Барселона кешегі болған ойында кім ұтты ? [жабық]

+2 дауыс
672 қаралым
Кешегі Бавария барселона кешегі болған ойында кім ұтты ?
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы табылды!
• Санаты: Футбол | 672 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Мюнхендік "Бавария" өз алаңында "Барселонаны" жеңді. Кезінде каталондық команданы жаттықтырған Хосеп Гвардиола керемет ойын жүйесін пайдалана білді.

"Альянц-Арена" стадионында аяқталған жолдастық кездесуде неміс ұжымы жауапсыз екі допты қарсылас қақпасында тулатты. Алғашқы голды ойынның 14 минутында команда капитаны Филипп Лам соқса, кездесу аяқталар тұста Марио Манджукич екінші голдың авторы атанды. Немістер сапынан он бірдей футболшы алмасса, Жорди Роура бастап барған испандық команда сапынан 11 ойыншы алмасты.

Естеріңізде болса, соңғы рет Еуропаның алпауыт ұжымдары Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен болатын. Қос кездесу қорытындысы бойынша "Бавария" 7:0 есебімен испандық ұжымды сан соқтырған-ды.

http://massaget.kz/sport/futbol/12203
Рахмет. Таптым

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
4 жауап
127,937 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,935 қолданушы