Менің жігітім бар. Ол 22 жаста. Жас болса да араққа салынып кеткен бе деп қорқамын. Ол туралы анама айтқам. Бірақ ол анаммен кездескен кездердің бәрінде қызу болып жүрді. Ішпеген кезінде өте жақсы. Бірақ арақ ішкен кезде ешкімге дес бермейді. Және бір күн ішсе, тағы да үш күн ішкісі келеді. Ал мен болсам оны жақсы көремін. Ата-анам шет елге оқуға жібереміз деп отыр. Жігітімді аяймын. Ол мені “Сендер, қыздар, бәрің осындайсыңдар, жігіттерді лақтырып кетесіңдер” деп кінәлайды. Бірақ егер мен онымен қалатын болсам, болашаққа құрған жоспарымның бәрі кұл-талқан боларын да ішім сезеді. Болашағымның жарқын болғанын қалаймын. Оны да қимаймын. Не істеймін?