0 дауыс
80.4k көрілді
Ораза айында неге тыйым салынады,арақ ішіп мереке думан құруға болама?

12 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ораза деген не?
Ораза — арнайы ниет ете отырып таңның атысынан кештiң батысына дейiн iшiп-жеуден, нәпсi қалауларынан тыйылу. Оның уақыты Құранда былай көрсетiлген: “Таңнан қара жiптен ақ жiп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейiн iшiңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейiн ұстаңдар”. “Кiм Рамазан айында болса ораза ұстасын”.

Бұл айда не iстеу керек?
Аллаһ Тағаланы көбiрек еске алып, одан кешiрiм тiлеу, мүмкiндiгiнше жұртқа жақсылық жасап, мейлiнше iзгi iстi көбiрек iстеу, жиiркенiштi қылықтар мен жамандықтардан, күнә атаулыдан барынша бойды алыс ұстап, кедей-кембағал, жарлы-жақыбайларды мүсiркеп қол ұшын беру, садақа үлестiру, көбiрек ғибадат-құлшылық жасау, қаза намаздарды өтеу, нәпiл ғибадаттарды арттыру, Құран оқу, ауыз бекiткен жандарға ауызашар беру Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у.) әдет еткен әрi сүннет болып табылатын ең негiзгi iстер қатарына жатады. Рамазан айы — мүминдердiң кiсiлiгi мен парасаттылығын шыңдайтын иләхи рақымға толы берекеттi ай. Ораза ұстауға ниет еткен жан аузына ғана ас кiрмеуiн қадағалап қоймай аузынан жаман сөз шықпауына да барынша мұқиятты болғаны жөн. Өсек-аяң, өтiрiк айтудан, бiреудi орынсыз ренжiтуден абай болған дұрыс. Бұлар оразаның қадiр-қасиетiн қашырумен қатар ауыз бекiтушiнiң ниет еткен сауабын азайтады. Бұл қасиеттi айды бiзге нәсiп етiлген соңғы Рамазан айы деп бiлiп, қал-қадарымызша, шамамыздың келгенiнше оның берекетi мен сауабына қол жеткiзуге тырысуымыз керек.

Сәресiде берекет бар
Әнас ибн Маликтен келген хадисте хазiретi Пайғамбарымыз (с. а. у.) былай деген: “Сәресi асты жеңдер, сәресiде берекет болады”.
Бұл жердегi берекет сәресi уақытында ұйқыны қиып тұрып, сол уақытта дұға оқып, Аллаһты еске алуда. Неге десеңiз, сәресi уақытында дұға оқып, Жаратушыны еске алудың сауапты iс екендiгi Құранда да мадақталған. “Ол мүминдер сәресi уақытында кешiрiм тiлейдi” аятының астарында сәресi уақытында ояу болу керектiгi меңзелiп тұр. Сәресi тамағын iшу күндiзгi қым-қуыт тiршiлiктi қиындықсыз атқарып, құлшылығын орындауда адамға күш-қуат, әл-дәрмен бередi.

Оразаның пайдасы
Ауыз бекiтiп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретiнде iшек ауруларына, iш қатуға қарсы қолданылады. Оразада кейбiр терi аурулары жазылып, асқазан мен iшек жұмысына тоқтау салып, олардың белгiлi бiр уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етiледi. Ораза адамның iшкi мүшелерiне жиналатын майларды ерiтiп, метоболизмдi жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзiмдiлiктi арттырады. Ол үшiн сәресi мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. 
Адамдағы шайтани әрi нәпсiқұмарлық сезiмнiң оянып, қозуы жыныстық гармондардың әсер күшi мен олардың мөлшерiне байланысты. Ораза әлгi түрдегi гармондардың қандағы мөлшерiн азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезiмдi басады.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары
1. Хайыз бен нифастан таза болу. Хайыз бен нифас (етеккiр, бала босанған әйелдiң жатырынан қан келу кезi) жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейiн оразаның қазасын өтейдi. Адамның түнде немесе күндiз жүнiп, (бой дәретсiз) күйiнде болуы, ораза ұстауына кедергi емес. Бiрақ, мүмкiндiгiне қарай, ауыз бекiтпес бұрын, ғұсыл алу (бастан-аяқ шомылу) — абзал.
2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету жеткiлiктi. Бiр адам түн жарымында ертеңгi күннiң ораза екенiн бiлiп, бұл айда ораза ұстайтынын жүрегiмен сезсе немесе сәреге тұрса, бұл iсi ораза ұстауға ниет саналады.
Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кiрмей тұрып ниет ету — абзал. Рамазан оразасына ниет етерде әрбiр күнiне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебi, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл — ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң пiкiрi.

Аузы берiк кiсiге мәкрүһ және мәкрүһ емес нәрселер
1. Себепсiз бiр нәрсенiң дәмiн тату немесе шайнау — мәкрүһ (тыйым салынады). Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкiн. Бiрақ, көп кiсiге пiсiрiлген тамақтың дәмiн қадағалау үшiн, тамақтың дәмiн көрiп, түкiрiп тастауға болады. Дәмiн татқан уақытта тамаққа кетпеуi шарт.
2. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану — мәкрүһ.
3. Шайналып тәттiсi кеткен ақ сағызды шайнау — мәкрүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.
4. Аузы берiк адам әлсiреп өзiн сақтай алмайтындай болса, қан алдыруы — мәкрүһ. Егер көтере алса, мәкрүһ емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.
5. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшiн ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну — Әбу Юсуф бойынша, мәкрүһ емес. Өйткенi, мұндай уақытта адамға жеңiлдiк туады. Фәтуа осы үкiмге берiлген.
6. Өзiне сенiмсiз аузы берiк адамның әйелiн сүюi — мәкрүһ. Өзiне сенсе, мәкрүһ емес. Хадисте Пайғамбарымыздың (с. а. у.) зайыбын сүйгенi және әзiлдегенi жайлы айтылады.
7. Аузы берiк жанның гүл мен әтiр секiлдiлердi иiскеуi және сүрме жағуы — мәкрүһ емес.

Оразаны не бұзады?
1. Бiле тұра бiр нәрсе iшiп-жеу;
2. Жыныстық қатынас жасау;
3. Әдейiлеп құсу;

Оразаны не бұзбайды?
1. Ұмытып iшiп-жеу немесе бiлмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с. а. у.) былай дейдi: “Аузы берiк адам ұмытып iшiп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткенi, оған жегiзген де, iшкiзген де Аллаһ Тағаланың өзi”. Ұмытқан адам есiне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
2. Бiр адам таңертең жүнiп болып тұрса және кешке дейiн де осылай жүнiп күйiнде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бiрақ, әлбетте, намаз оқу үшiн ғұсыл алу парыз, Аллаһ Құранда: “Егер жүнiп болсаңдар, толық тазаланыңдар”, — дейдi.
3. Қан алдыру және сүлiк салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с. а. у.) қажылықта аузы берiк кезiнде қан алдырған.
4. Құлаққа су кiру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, құлаққа дәрi тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткенi, мисуак қолдану — сүннет. Тiптi, тiс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бiрақ iшке кетiп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кiрмей тұрып жуу.
7. Тiс жұлдыру оразаға кедергi жасамайды. бiрақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәрiнi жұтпау шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бiрақ тамаққа кетпеуiн қадағалау қажет.
9. Тамаққа түтiн немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары ерiксiз кiрсе, оразаға зиян бермейдi. Бiрақ оларды әдейi iшiне тартса, ораза бұзылады.
10. Түкiрiк немесе мұрынды тарту арқылы бiр нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тiстердiң арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кiшкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтiр секiлдi жақсы иiстердi иiскеу оразаға зиян бермейдi.
12. Ерiксiз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергi жасамайды. Және оның ерiксiз iшке қайта кетуi де қауiптi емес.
13. Салқындау үшiн жуыну, жүзу немесе ылғалды бiр көйлек кию оразаны бұзбайды. Бiрақ аңдаусызда су жұтып қоймас үшiн мүмкiндiгiнше суға түспеген абзал.

0 дауыс
Жоқ,болмайды әрине! Аты да айтып тұр ғой „Қасиетті” деп!! Егер солай істейтін болсаң барлық мұсылманның күнәсін аласың!!!
0 дауыс
1. Ауыз жабатын кезде күні бойы ағзаны қоректендіріп тұратын тағаммен тамақтану керек. Рамазанның басты тағамы – құрма.

2. Ауыз ашатын кезде денеде ұзақ тұрмайтын қуырылған тағамнан көрі ағзаны көбірек қуаттандыратын, құрамында көмірсутек көп жеміс-жидек, дәнді-дақыл, құрмамен қоректену керек. Сондай-ақ арпа не фасоль секілді дақылдардан жасалынған сорпа ішкен де пайдалырақ.

3. Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс. Қолыңыздан келсе, сыртта істелетін жұмыстарды бөлме / кабинет / офис ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ. Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан, шөлден қаталамауды ойластыру қажет.

4. Ауыз ашқан соң мүмкіндігінше сұйық көбірек ішу қажет. Суды молырақ пайдаланса да дұрыс. Күні бойы су мөлшері азайған ағзаның қажет көлемде қайтадан ылғал мөлшерін қалпына келтіру қажет. Сол кезде ертесіне де ауыз бекіту оңай болады.

5. Дене жұмысымен айналысуды азайту абзалырақ болады.

6. Бұл өмір адам мен шайтанның арпалысы болғандықтан, кімнің әрекеті күшті болса, сол жеңеді. Сондықтан Аллаһ Тағала осы айды Мұхаммедтің үмметіне (с.ғ.у) рақым етіп сыйлады. Ендеше Аллаһ Тағалаға деген құлшылық-ғибадатымызды арттыра түсуіміз қажет. Намазымызға мән беру керек. Намазды дұрыстау керек.

7. «Ұмытылған» Құранды қолға алу керек. Күніне құрығанда бір аят та болса оқу керек.

8. Пайғамбарлардан басқа адамдардың барлығы күнә жасайды. Ендеше, өзің білетін күналарды жасауды қой, қоюға тырыс. Тәубе ет. Шындығында Аллаһ тағала – Тәууәб (тәубелерді қабыл етуші).

9. Мұсылман бауырларыңмен байланыс жаса. Біреуден екі, екеуден үшеу жақсы. Ислам – жамағат діні. Жалғыздың досы – шайтан болады.

10. Дұға жасауды ұмытпау қажет. Қол жайып, тілек сұрағанға Аллаһ Тағала жауап беретінін ұмытпау. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. жасаған дұғаларын пайдалану.

11. Садақа беруді ұмытпа. Шындығында садақа тозақтан алыстатады.

12. Ата-анаға мейіріммен қарап, ағайын-тумамен байланысты күшейту қажет.

13. Өзің білгенді өзгеге де айтып, үйретіп, Алланың тура жолына шақыру…
0 дауыс
Арақты жалғыз Ораза аиында емес ,барлық уақытта ішу харам мұсылманға.
0 дауыс
ӘРине арақ ішпек түгілі дастарқан басында арақ болмауы керек.Боғауыз сөздер айтпауы тиіс
0 дауыс
ораза айында жол жүруге болама
Жол жургенде ауыз ашса болады,сосын ораза биткенде орнын толтыру
0 дауыс
Саламатсыз  баршаныздын оразаларын кабыл болсын! биринши жыл ораза устап журмин кешеден бери суык тиип мурным бителип тамагым кызарып ауырып жутындырмай журмин. Сурайын дегеним  содамен немесе прополиспен тамак шаюга болады ма? алде миндетти турде аузымды ашып артынан казасын отеймин бе?
0 дауыс
Ораза айында тырнак бояулы болса болама?
0 дауыс
музыка айтуға немесе музыка тыңдауға болады ма?
0 дауыс
Ораза устап, ауыз ашкан сон темеуи шегуге болама?
0 дауыс
Музыка естуге болады ма
0 дауыс
Ораза кезінде қақырық шығару оразаны буза ма

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
7 жауап
+3 дауыс
4 жауап
Белгісіз 1.08.2011 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...