Диктантты қатесіз жазу үшін грамматикалық құрылымды, яғни, тіл біліміндегі ережелерге, теорияға, орфография заңдылықтарына көбірек назар аударып, соларды қайталау керек. Сонымен қатар сауатты жазу үшін қазақ тілінде көбірек кітап оқып, сөздердің сауатты жазылуына мән бере отырып, оқу қажет. Тағы бір кеңес-орфографиялық сөздікті/сөздердің дұрысы жазылуы/ ашып, білмейтін сөздердің дұрыс жазылуына көңіл бөліп, есте сақтаса, диктантта жіберілген қателермен жұмыс жасап, олардың анықтама, ережелерін қайталаса, нәтижесі болары анық.