Қозықұйрықтың орысшасы қандай? Мен шампиньон және вешенка деген саңырауқұлақтарды қолдан қалай өсіретінін көргенмін және кезінде қызығып ,бір жылдары жұмыссыз калған кезімде кәсіп етсем бе деп біраз еңбек жасағаным бар.Вешенканы ағаш діңінде, күнбағыстың кабығында жертөледе өсіреді. Өте ылғалды ,қоңыр салқын,каракөленке микроклимат калыптасқан кезде ғана жақсы өнім береді. Саңырауқұлақтар мицелий арқылы өсіріледі. Мицелийлердің түр түрін 98- жылдары бұрынғы СХИ дың ботаника кафедрасынан алуға болатын еді. Соның подвалында да өсіретін,студенттерге тәжрибе үшін.бірақ қазір бар ма,жоқ па білмедім. Базарлардан кейде көріп жүрмін кейбір саңырауқұлақтарды өсіруге маклатура пайдаланатынын яғни газет қағаздары. бұны денсаулыққа зиян деп ойлаймын, себебі типографияда бояу есебінде әліде қорғасын қоспалары қолданылады.Саңырауқұлақтар осындай токиндерді тез сіңіреді.