+1 дауыс
1.1k көрілді
Араларыңыздағы саясаттанушыларға сұрақ: Бірде саясаттанудан беретін ағайымыз "Ресей федеративті мемлекеттен унитарлы мемлекет болып барады, Ал Қазақстан унитарлы мемлекет болып, федеративті болуға жылжып барады" деп айтқан сөзі есімде қалып кетіпті. Сол сөзінің жаны бар ма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен саясат танушы  емеспін,жай қазақстан азаматы ретінде өз қөзқарасымды білдіремін.Ресей еш уақытта унитарлы мемлекет бол алмайды.Себебі,ондай талпыныс жасаса көп ұлтты Ресей халықтарының арасында алауыздық басталады да,халқының жарымына жуығынан айырылу қаупі туады.Ресей саясаткерлері ондайға бара қоймас деп ойлаймын.Ал Қазақстан еш уақытта федеративті бола алмайды.Себебі,Қазақстанда біз қанша жерден көп ұлттымыз деп даңғазаласақ та,ол шындықтан тым алыс.Сол айтылып жүрген 130 ұлттың ішінде 1-2 ғана мүшеден тұратын ұлтпыз деп жүрген диаспора өкілдері толып жатыр.Саны жағынан басымдаулары Орыстар,Өзбектер,Ұйғырлар,Дүнгендер және Түрікпіз деп жүргендер.Бұлардың ішіндеОрыстар мен Өзбектерді есепке алмаса да болады.Себебі,бұл ұлт өкілдерінің өз мемлекеттері бізбен шекаралас.Түрік сияқты репрессиямен келген халықтардан да еш қауіп жоқ,себебі олардың елімізге келу жолы айдай әлемге аян.Ал,Ұйғырлар мен Дүнгендер туралы күрделірек.Бұл екі ұлт өкілдері де белгілі бір аймаққа шоғырлана орналасқан,өздерінше қазірдің өзінде өздерін сол жердің қожасы ретінде сезінеді және сандары күрт өсіп келеді.Күндердің күнінде автономия сұрайтыны  анық байқалады.Сондықтан бұл ұлттардан сақтану шараларын осы бастан қарастырмасақ ертең кеш бола ма деп қорқамын.

P.S. Мұғалімің туралы айтсам,жастарға лекция оқығанда ұлт араздық туғызатын пікірлерден аулақ болғаны жөн.

+2 дауыс
Жоқ. Ресейдің федеративті мемлекеттен біртұтас мемлекетке айналуға қадам жасап жатқандары ақиқат нәрсе. Ал , Қазақстан еш уақытта федеративті мемлекет бола алмайды және болуға да қақысы жоқ.
ойы дұрыс. Қазақстан көп ұлттымыз деп ойбайлай береді, Ал орыстар ешқашан олай айтпайды. Осы бетімен кете берсе ертең ұйғырлар сосын басқалары шығады афтаномия аламыз деп!!
+1 дауыс
Шеттен келген келимсектер автономия курмаса!
Оларға кім автономия беріп қояды екен? Қайдағы федеративтік?Қазақстан біртұтас мемлекет
ООО. күнде бір жаңалық! мүмкін тағы демократияны қосарсыңдар?
+3 дауыс
Ресей ешқашан унитарлы бола алмайды. Ал Қазақстанға келетін болсақ, федеративті болмайды, керісінше,  Ресейге не Қытайға жұтылып кетпеу жағын ойластырса ең алдымен, сол дұрысырақ болар еді. Бізге қазір кім көрінген келеді, азаматтықты еш қиындықсыз алады, орысша білсе болды, Қазақстанда өлмейсің, керісінше тұрмысың жақсара түсуі мүмкін, әрине, адамның өзіне байланысты ғой, орыстілділерге бізде жағдайда бар, мүмкіндік те көп. Естуімше, басқа елдерде сол елдің азаматтығын қабылдау үшін сол елдің мемлекеттік тілін білу керек деген талап қояды екен., бұл ғана емес басқа да талаптары бар көрінеді.
...