Көп жағдайда үйді таза ұстамаудың салдарынан пайда болатын зиянды жәндіктерден құтылу қиынға соғып жатады. Өйткені, асханадағы жуылмай қалған ыдыс-аяқ, уақытылы төгілмеген қоқыс салатын шелек, тамақ қалдықтары тарақан, шыбын, қандала (клоп), құмырсқа сияқты жәндіктердің өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Күндіз тарақандар мен қандалалар қараңғы жерде тығылып, түндебелсенділіктері артады. Олар тек тағамға ғана тиісіп қоймай, қағаз, теріден жасалған бұйымдарды да бүлдіреді. Үйдегі жәндіктер мен кеміргіштер (қандала, тарақан, шыбын, тышқан) көптеген жұқпалы ауруларды (дизентерия, сүзек, туляремия және басқалары) таратады. Жалпы, үйде зиянды жәндіктерді болдырмаудың жолы – тазалық. Егер олар үйдепайда болған жағдайда сіздің бір күнде құтылам деген ойыңыз қате. Жәндіктермен күресті бірнеше күндер бойына жалғастыруға тура келеді. Мысалы, бір рет пайда болған тарақандар жарты жылда дернәсілден (личинка) дамып жетіледі, яғни сіздің үйіңізді мекен етеді. Үйді зарарсыздандыру ісін негізінен, кешкілік жасағаныңыз жөн. Өйткені, кешке өңдеуден өткізген мекемені таңертең тазалап жуып, терезелерді ашып желдетіп алу ыңғайлы. Жәндіктерді құртуға арналған химиялық өнімдер әдетте сұйық, ұнтақ түрінде шығарылады. Кез келген химиялық өнім улы болатындықтан, қолданып болған соң қол мен бетті тазалап, сабынмен жуу керек. Тарақандарға қарсы «Инсекта РМ», «Инсектолан», «Хлороль» және «Бура» өнімдері 250 мл ашық сары түсті сұйықтық шыны құтыларда сатылады. Оның 18-20 шаршы метрлік мекемелерге бір орамы жеткілікті. Тарақандарға қарсы күресте басқа да түрлі инсектицидтер бүркіледі. Тарақандар көбіне асханада кездесетін болғандықтан, дәрі бүркудің алдында азық-түлік өнімдерін, ыдыс-аяқты, шкафтарды, сөрелерді және газ плиталарын шығарып, босатады. Ас үйді түнге қарай тазалаған қолайлы. Химиялық өнімдерді шкафтар мен буфеттің ірге жақтағы қабырғаларына, үстелдердің сөрелердің, стеллаждардың төменгі жағына жағады; едендегі саңылауларға, ірге бастырғысының артына енгізеді; жылыту жүйелерінің тұрбаларын, су құбыры мен газ тұрбаларын, пештер мен газ плиталарын тозаңдандырады. Үстелдер, сөрелер, шкафтар, буфеттер мен газ плиталары таңертең ыстық сумен мұқият жуылады. Көп әуреге салатын жәндіктердің бірі – құмырсқа. Оған қарсы күресте улаған қоспаның берер нәтижесі мол, оны былай даярлайды: эмальданған ыдысқа екі стақан су қайнатып, оған жарты стақанқант пен шай қасықпен кішкенебура қосып араластырып, суытқаннан кейін жарты шай қасық бал қосады. Мұндай қоспа ұзақ уақыт бойына сақталады. Кейін 2-3 шай қасық қоспаны құтыларға, банкалардың қақпақтарына құйып және оған бір шымшым мақта қосады. Қоспаны ас үйге, дәлізге, бөлмелерге шашып тастайды. Он шақты күн өтісімен тексеріп, ескірген қоспаны жаңартып, ауыстырып отыру қажет. Зиянды жәндіктерге қарсы күресте пайдаланып жүрген химиялық өнімдерді ауыстырып қолданған жөн, өйткені, үйреншікті иіске жәндіктердің жақындамауы мүмкін. Ақпарат http://www.info-tses.kz/ сайтынан алынды.