0 дауыс
589 көрілді
Клавитураны қалай тазалау керек? Жай құрғақ нәрсемен сүртсем ол шаң тозаңда жақсы алмайды. Сулы нәрсемен сүртейін десем ішіне су кіріп кете ма деймін. Енді осы сұрақ))))

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің жұмыс үстеліңіздегі пернетақта cіз үшін өте маңызды екені рас. Егер ол табан астында бұзыла қалса, бір күнде бітіру керек шаруаңызосыған қарап қалары өтірік емес.Пернетақтаңызды шаңнан, кірден және су төгілуден қорғаңыз (кофе, шай, шырын). Ал бүлінген пернетақталар үшінмынадай кеңестерді ұсынамыз: Шаңды сүрту Жұмыста да, үйде де шаңның торып жүретіні – ортақ проблема. Ашық жерлердің өзіне білдіртпей қонып алатын шаңдар пернетақтаның арасынада қонақтайды. Бұл үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Пернетақта арасына тұрақтап алған шаңдарды кішігірім жеңілщеткалармен тазалауға әбден болады. Немесе кішкентай қол шаң сорғышын да көмекке шақырсаңыз болады. Мұндай ғажайып аппаратты кез келген дәріханалардан табуға болады. Ал осылардың өзіне көнбеген шаңдарға тіпті «қатаң жаза» қолдануға болады. Ол – үлкен кәдімгі шаң сорғыш. Микробтар Күн сайын қолдана берген соң, сіздің аса бағалы пернетақтаңызға басқа да қауіп төне бастайды. Залалсыздандыратын спрейді қолданғанда, абай болғайсыз. Оның орнына спирт қолдансаңыз да жетіп жатыр. Спирт және мақта.Бұл әдісті қолдану үшін тағы да дәріханаға бас сұғуға тура келеді. Не үшін? Өйткені бізге мақта мен спирт керек. (Мақтаның орнына матаны, не сүлгіні қолдансаңыз да артық емес) Спиртке мақтаны батырып алып, клавиштерді жоғарыдан бастап сүрте беріңіз. Спиртті қолдану керек екен деп оны бет алды пернетақтаға құя салмаңыз. Тек жаймен ғана спиртті мақтамен (матамен, сүлгімен) клавиштердің арасын сүртіп шығыңыз. Кофе не басқа да тәтті сусындар төгілгенде Біз сіздерге осыған дейін кеңседе тамақтану жайындаайтып өткенбіз. Жұмыстан бас ала алмай отыратын уақыттарда кофені дайындап алып жұмыс үстелінде ішіп отыратыныңыз белгілі. Анаған-мынаған қол созамын деп отырып, не пернетақтамен қарқынды түрде жұмыс жасап отырып, алдыңыздағы сусындытөгіп алуыңыз ғажап емес. Ондай кезде не істеу керек? Қам жемеңіз! Қофе төгілгеннен соң, бірден пернетақтаны өшіріп тастаңыз. Бетінде тұрған сұйықтықты тез арада сүртіп алыңыз. Әйтпесе сужайылғаннан соң, оның істен шығуы ғажап емес. «Кофе төгіп алып едім» деп бір айдан соң жөндетуге апарсаңыз, одан жақсы үміт бола қоймайды. Сондықтан тез арада пернетақтадағы суды сіңіріп алатындай қылып сүртіп алғаныңыз дұрыс. Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.
...