Ағама арналған туылған күнге жақсы тілек керек болып тұр?

+1 дауыс
79.2k қаралым
Достар тез арада туылған күнге жақсы тілек керек болып тұр.Ағама арналған.Өздерінде сақталған болса маған жіберулеріңізді өтінемін!
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап
Бүгін біздің отбасында той-думан,
Бәрімізден жаны жайсаң - сой туған.
Аға сенің құттықтауға бас қосты,
Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған.

 Таси берсін дариядай дәулетің,
Бақыт қонып, жарқырасын сәулетің.
Балаларың қызығын көр, ата бол,
Өсіп-өніп, өркен жайып әулетің.

Қандай жақсы сендей бауыр болғаны,
Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі.
Менің үшін зор қуаныш, ұлы той,
Жан ағаның қырық жасқа толғаны.
Рахмет!))
+5 дауыс
[kuttybolsyn.kz][1] сайтынан қарап көр, көптеген тілектер бар!!!


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/
+5 дауыс
Биігіне шығып талай асқардың,

Өз салаңды адалдықпен басқардың.

Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,

Жолын аштың соңыңа ерген жастардың.

 

Келе жатқан асқар тауды сағалап,

Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат.

Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді,

Отбасыңа сая болсын Сағадат.
Сізге де рахмет!))Әдемі екен!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
10.06.2012 • Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз сұрақ қойды
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы