0 дауыс
15.3k көрілді
Әр қазақ оқуға тиісті кітаптардың тізімін жаза аласыз ба?Абай жолын оқыдыңыз ба? Не түйдіңіз?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұхтар Әуезовтың шығармаларын оқыңыз, өте қызықты.
0 дауыс
Әр қазақ ана тілін оқу тиіс.Одан бөлек тарих туралы оқуы керек.Мысалы Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын оқыса болады.
жақсы жауап!+1
Белгісіз
0 дауыс
Иа екі томын оқығам,бірақ!? қазіргі заманға мүлдем байланысы жоқ...Маған кітап сонысымен ұнады,Абайдың зеректігі,алғырлығының өзі үлкен бір өнеге.Бір қынжылтарлығы  жастар ондай қалың кітапты оқығысы келмейді.Қазіргі жастардан сұрасан "Абай жолын оқып көрдің бе?"-десен.Көбі былай жауап береді...-Маған,басқа біреудің өмірі қызық емес-дейді. Осындай жағдайлар көп.Оны болдырмау үшін не істеу керек?...
0 дауыс
Мен Абай Жолының тек 1 томын окыдым.Біз оны 10 сыныпта отеміз.Ал мен енді 9 окимын.Білгенім артык етпес деп,кітапханадан алып 1 томын окыдым.Және әр қазақ  оқуға тиісті кітаптардың біріне мен Мағжан Жумабаевтың Оян Қазақ кітабын усынар едім
+3 дауыс
Әр қазақ оқуы тиісті 50 кітап.

1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
2. Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
3. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Қан мен тер»
4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»
6. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
7. Әлжапар Әбішев. «Найзағай»
8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»
9. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы»
10. Тахауи Ахтанов. «Боран»
11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»
12. Дулат Исабеков. «Қарғын»
13. Оралхан Бөкеев. «Қайдасың, қасқа құлыным?»
14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»
15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»
16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»
17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
18. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»
21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»
22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»
23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»
24. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»
25. Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»
26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
27. Ақан Нұрманов. «Құланның ажалы»
28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»
29. Тұтқабай Иманбеков. «Құт ағашының көлеңкесі»
30. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қауын иісі»
31. Мұхтар Әуезов. «Қараш-қараш»
32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
33. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»
37. Оспанхан Әубәкіров. «Ымды білесің бе?»
38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»
39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»
40. «Бес ғасыр жырлайды»
41. Асқар Сүлейменов. «Бесін»
42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»
43. Сопы Сматаев. «Елім-ай»
44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»
45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»
46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»
47. Марат Қабанбаев. «Сурет салғым келмейді»
48. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Сен»
49. Зейін Шашкин. «Сенім»
50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат»  Осылар екен
Неге Мұқағалидың бірде-бір шығармасы жоқ (тізіміңіз жақсы) менікі осыған қосымша
Мұқағалидын кандай романы бар
романы бар ма жоқ па
0 дауыс
"Батыр Баян" Мағжан

"Балашақтан-Болашаққа" Мұқағали

"Құз басындағы аңшының зары" Мұхтар мен Шыңғыс

сосын Жұбан Молдағалиевтың "Мен қазақпын" поэмасы
0 дауыс
Басында миы бар әр қазақ ақыл есі түзу болса дүниежүзілік әдебиетпен таныс болуы керек. Басында торғайдың миындай миы бар адам  өркениетсіз дами алмайтынын түсінуі керек. "Өз ошақ басынан аспаған адам барып тұрған надан"-дейді Jako ағаң.
0 дауыс
Оқыдым 3томын маған кейбір сөздер таныс болмады бірақ үйдегі әжемнен сұрап түсініп оқыдым
...