0 дауыс
2.7k көрілді
ара көбейіп кетті соған бір ұя қалай жасауға болады ?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бал арасын өсіріп, бағу өте қызық әрі қиын шаруа.Егер ара деп айтып отырғаның бал арасы шаруашылығы болса сен силауға, құрметтеуге лайық адамсың. Бұл кез келген адамның қолынан келетін шаруа емес. Егер араң көбейіп үйір болып бөлініп шығып жатса онда қуаныштымын.Кезінде бал арасымен әкем аз уақыт айналысып, тәжрибесінің аздығынан бір аязды болған қыста, дұрыс сақтай алмай үш жыл баққан жеті үйшік араны қырып алып еді.Сол кезде марқұм әкем бір уйір жылқысын жоғалтқандай күй кешіп еді. Сол кездерде кішкентай болсам да бөлніп шыққан үйір араны қалай үйшікке кіргізгені есімде қалыпты. Алдын ала ұстаға барып сандық сияқты етіп үйшік жасатқызды. сосын қаладан (балауыз) парафин алып келіп сыммен тартылған рамаға жапсырды.Парафин осыған арнайы жасалған болуы керек,жұқа қағаз сияқты болатын. осы парафинді терезеге әйнек салған сияқты етіп, рамаға орналастырды,сосын рамаларды ұйшіктің ішіне орналастырды. Бөлініп шыққан аралар есік алдындағы отынның қуысына барып, орналасқан екен. Сол күні кешке күн батқан кезде барлық аралар отынның қуысына жиналғанда аралардың үстіне су бүркіп,бәрін тостағанға түсіріп алды да , тостағанды дайындап қойған үйшіктің ішіне үстінен кіргізіп , қақпағын жауып тастады. уш төрт күннен соң қарасақ, балауызды аралар өздері созып,кәдімгі сотка етіп алыпты.Менің папам осылай жасайтын. Негізі осы кәсіппен айналысқан адамда осы шаруашылықты игеру жөнінде, бал арасының аурулары жөнінде кітаптар алып оқып ,білімін көтеріп отырса өте дұрыс болар еді.Егер түйелі аймақтан болсаң, жантақ көп өсетін жерге араларыңды апар деп кеңес берер едім. жантақ гүлінен жиналған балдың емдік қасиеті өте жоғары болады. Қыс айларында үйшіктердің сырытын қалың көрпелерге орап тастайтынбыз.Бал аралар үй тышқандарынан да қырылып қалады. меніңше үй тышқандары аралардың инфекциялық ауруын тартатын болуы керек.
0 дауыс
оны өздері ғана сала алады ау дим
0 дауыс
Қатырдың ау сенде. Оларды ұясын бұзып қуудан басқа амал жоқ сияқты ғой сенде.
0 дауыс


Осы жерде қарапайым үйшіктер,қарап көр.
...