+1 дауыс
493 көрілді
Білгім келген сұрақты өшіріп не бар еді? Кім өшірген?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бостан бос өшірмейді!. Сен өзің сайттың тәртібін бұздың! Бұл сайтта ұятсыз сөздерді жазуға болмайды!.

Тіркелгеніңе бір апта болыпты. Сайтта не нәрсеге рұқсат етілмеген екенін оқып шық!

4. Қолданушыларға не рұқсат етілмеген және ескертусіз өшірілінетін жағдайлар:
4.1. Ұятсыз, біреуді қорлайтын, боғауыз сөздері бар сұрақтар қоюға және жауаптар жазуға тыйым салынады.
4.2. Берілген нақты сұраққа, тақырыпқа сай емес жауап беруге немесе пікірлер қосып, мағынасыз жазулар жазуға.
4.3. Жауабын өзіңіз "білетін" жұмбақ сұрақ қоюға болмайды. Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған сұрақтардың қойылуына рұқсат.
4.4. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынады және қажет деп табылса сұрағы, жауабы немесе пікірі ескертусіз өшірілінеді.
4.5. Лексикалық нормаға сай емес сұрақтарға, жауаптарға сайтта жол жоқ.
4.6. Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс.
4.7. Саяси тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Саясатқа байланысты үгіт насихат кесірінен сайттың жабылып қалуына жол бермейміз. Ол тақырыптағы сұрақтар ескертусіз өшіріледі.
4.8. Өзіңіздің немесе өзгенің сайттарын жарнамалауға рұқсат етілмеген. Тез арада ескертусіз ол сұрақ немесе жауап өшіріледі.
4.9. Кез-келген сайт қонағын немесе қолданушысын ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге қатаң тиым салынады.
4.10. Балалықтың барлық мүмкіндіктері (сөздерді бұзу).
4.11. Сөздің адасуы яғни мағынасыз сұрақтар мен жауаптар өшірілініп тасталынады (сөйлемдегі сөздің мағынасының жоқтығы).
4.12. Тек өзінің сілтемесін қою және ұпайын ұлғайту мақсатындағы хабарламалар мен т.б. ескертусіз өшірілінеді.
4.13. Ел-аудан-мекен-ру-ұлт арасындағы дау не болмаса келіспеушілік туғызатын сұрақтар ескертусіз өшіріледі.
4.14. Барлығы үлкен әріппен немесе үлкен кіші әріппен жазылған сұрақтар мен жауаптар ескертусіз өшірілінеді. Оқуға ыңғайсыз сұрақтар мен жауаптар (мысалы: «ҚАЛАЙ АРЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?» «қАлАЙ АрҚтАУға БОлаДы?»).
4.15. Маған дауыс берші, мына сілтеме бойынша өтіп дауыс берші деген өтініш сұрақ емес сұрақтар ескертусіз өшірілініп тасталынады. Ескерту жасалынып, қайта осы мазмұнда жазбалар жариялай берсе құлыптап тастауға сайт әкімшілігінің және модераторлардың құқығы бар.
4.16. Сайттың ережесіне бағынбай, ескертуге құлақ аспаса қолданушыны құлыптап қажет болған жағдайда сайттан аластатып ескертусіз аккаунтын өшіріп тастауға сайт әкімшілігі құқылы.

Және түгел сайт ережесін ерінбей оқып шық!

https://surak.baribar.kz/erezhe

https://surak.baribar.kz/faq
0 дауыс
Қандай сұрақ еді? Меніңде талай сұрақтарым өшкен, алайда шешендер тураласы ондай емес еді. Азаматқа ұнамай қалып, жасыру батырмасын баса салыпты. Сенікі қандай сұрақ еді?
Маған неге айтасың! Мен емес қой. Мен жасырмасамда жасырған адам дұрыс істеген. Кіттай баланың сұрағы ол. Өзің осындай сұрақ қояр ма едің?
қойдым оданда қаттысын қойдым сайт жабылып қалса ғо!
Абайла, БАН ға кетіп қалып жүрме...
Бан-да уже!
Дұрыс болды! :)
Көп болса 12 не 24 сағаттан кейін шығарармын. Болмай бара жатса 1 апталап жатады.
Хаха сауап болды!
Белгісіз
...