Жетектегіш Windows-тың қалыпталған бағдарламаларына жатады. Ол компьютердегі файлдар, қалталар және дискілердің көп деңгейлі құрылымын көрсетеді. Онда, сондай-ақ, қосылып тұрған желілік дискілер де көрініс табады. Windows жетектегішінің көмегімен файлдарды көшіруге,жылжытуға және қайта атауға, сонымен қатар оларды іздеуге болады. Жетектегішті ашу үшін Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар – Қалыпталған – Жетектегіш әмірлерін таңдаңыз. Жетектегіш терезесі Тақырып жолынан, Мәзір жолағынан, Құралдар үстелінен, Мекен жай жолағынан, жұмыс аймағынан тұрады. Жетектегіш терезесінің жұмыс аймағы екі бөлікке бөлінген: 1) сол жақта – каталогтар бұтағы; 2) оң жақта – қалталар мазмұнын қарап шығу терезесі. Бұндай орналасу файлдар мен қалталарды іздеу, көшіру немесе жылжыту барысын оңайлатады. Каталогтар бұтағында дәл осы сәтте Сіздің компьютеріңізге қолысылып тұрған дискілердің барлығы, соның ішінде С: жергілікті дискі, 3,5 А дискі, желілік қалталар көрініс табады. Құралдар үстелінде мына батырмалар орналасқан: · «Артқа» – алдыңғы бетке жылжу; · «Алға» – келесі бетке жылжу; · «Жоғары» – 1 деңгейге жоғары; · «Іздеу» – файлдар мен қалталарды іздеу терезесін шақыру; · «Қалта» – жетектегіштің сол жақ бөлігін реттеу, Windows қалыпталған терезесі; · «Көрініс» – ашылма тізім көмегімен файлдар мен қалталарды көрсету түрін өзгерту. Мекен жай жолағы ағымдағы қалтаға, мысалы, С: дискіне баратын жолды көрсетеді.