Бір жас бозбала Еуропаға оқуға аттанып, біраз жылдан кейін елге оралады. Келгесін ата-анасына бір мұсылман ғалымын тауып беуді өтініп, оған қоятын үш сауалы бар екенін айтады. Ел ішін аралап бір ғалымды тауып әкелгенде, Еуропадан өркөкіректеніп, келген жас жігіт ғалымға мына сұрақтарын қойыпты
1. Құдай барма? Болса, маған түр әлпетін көрсетіңіз.
2. Тағдыр деген не?
3. Егер шайтан оттан жаратылған болса, қиямет күні ол неге тозаққа тасталады? тозақта та от емес пе? От отқа қалай зиян тигізеді?
Жігіт сұрағын айтып бола бергенде ойламаған жерден ғалым шапалақпен тартып жіберіпті. Қапелімде есін жинай алмай қалған жас жігіт ашуланып, "неге сіз мені ұрдыңыз, сұрағыма жауап таппағаннан кейін ызаландыныз ба?"-деп бұлқан-талқан болады.
- мен ашуланып тұрған жоқпын. шапалақ - сенің үш сұрағына жауап - дейді ғалым.
Енді сұрақ, қалай бір шапалақ үш сұраққа жауап болады?