Рахмет, біріншіден, қолдау білдіргеніне!
«Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді,-деген Ыбырай атамыздың қанатты сөзі біздің сүйікті ұстазымыз біз оқыған №247 орта мектебінің тарих, құқық пәндерінің мұғалімі Абуова Ақмарал апайымыздың еңбегін бағалауға жол ашады.
Мектептегі әрбір мұғалімнің орны бөлек, әрқайсысы да өзіндік бір ерекшелік иегері. Мысалы, біздің Ақмарал апайымыз сыныпқа жадыраңқы кіріп, жайдары шығады. Себебі, жоғарғы білімді, өз-өзіне сенімді, ұстаздық өнерге қабілетті жанға ғана шәкірттері, оқушылары міндетті түрде құлақ асады, тыңдайды, бағалайды. Ал, оқушы ұстазбен біріге отырып, білімін шыңдаса, сонда ғана, сабақ сәтті өтіп, қандай да бір пайда келтіреді. Сынып болып Ақмарал апай беретін әрбір сабақта өз бойымыздағы ашық айтып, үйреткендерін миға тоқып алуға тырысамыз. «Адам. Қоғам. Құқық» сабақтарында көптеген «мағыналы» ойларды астарлап жеткізіп, біздерді қоғамдағы орнымызға лайықтап мықтап, тәрбиелеп келеді.
«Бықсып жанған қоламта емес артымызда шоқ қалсын,
Болашақтың ошағында біз тұтатқан от жансын» деген мақсаты бар біздер сүйікті ұстазымыздың еңбек жолының қарыштап дамуына, білім саласында шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.