Адалдықты, абыройды, тектілікті қашанда бірінші орынға қоятын адаммын.
Қыз бала ақ некелі ақ төсекке абыройлы жету керек, өз жарына таза, адал тию керектігін құлағыма құйып өстім.
Мединицина, физиология тақырыбында көп оқып, кейбір қыздардың табиғатынан, яғни жаратылысынан қыздық белгісінің болмайтынын білдім. Осы күні мені осы ой мазалайды, балкім менде жоқ шығар, құдай сақтасын, әрине, бірақ сонда да болмай қалса қайтемін деген сияқты.
Сүйіктіңе адал, таза тигеннен артық бақыт бар ма? Бұл мен үшін өте маңызды.
Осы мәселе төңірегінде ой бөліскім келеді, құрбылар сырласайық...
Жігіттердің де ойын білгім келеді, жазыңыздар достар.