0 дауыс
19.1k көрілді
Ораза айы қабыл болсын деп жатады ораза айы мүбәрәк болсын депте жатады осы мүбәрәк сөзі не мағына береді?
Ақжол, мен жапқан сұрақтарды неге аша бересің? Алдында қойылған сұрақтың жауабы мен осы сұрақтың жауабы бірдей, бір мағына беріп тұр емеспе?! Мені дұрыс түсін.
Біріншіден атымды дұрыс жаз! Екіншіден ол жердегі мәлімет аз. Сондықтан толығырақ мағлұмат керек. Тағы басқа білетін адамдар бар шығар қайдан білесің?
Байқаусызда қате жіберіп алыппын, ренжіме.  Сол мәліметте жеткілікті ғой, нақты жауап. Одан артық мәлімет қажет емес. Жарайды бір сұрақ үшін санаспайық.  Соңғы сөзім.
Сұрақты жауап алынды деп,жақсы жауап таңдалды деп жабуға мүлдем болмайды. Егер сұрақ жабылатын болса астындағы жауаптардың бәрі де автоматты түрде өшіріледі де кейіннен қолданушылар арасында менің балдарым неге азайып қалған деген даулар туындайды. соны біліңіздер. Тағы бір айта кетерім бір жауапты жақсы жауап ретінде таңдауға да болмайды, салыстыратын жауаптар болғаны дұрыс.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Таза, пәк, нұр т.б осыған ұқсас мағына беру керек. Өйткені кейбір хадистерде пайғамбырыздың (с.ғ.с) мүбәрәк жүзі, мүбәрәк қолы деп айтылып жатады.
+2 дауыс
Мүбәрәк деген жақсылықтың, бақыттың бастамасы дегенді білдіреді. Яғни, ораза айы бақытта , жақсылыққа толы болсын дегенді білдіреді
0 дауыс

Мүбарак сөзі мүмкін ораза айы құт береке әкелсін дегенге келер.

0 дауыс
Ораза айы мүбәрәк болсын! - Ораза айы құтты болсын, дұғаларымызды қабыл етсін!
0 дауыс
МҮБӘРӘКті қоспай қазақша айтуға болмай ма? Біресе орысқа, біресе арабқа еліктеуді қою керек.
0 дауыс
Егер олай болса, онда бүкіл қазақ тілін өзгерту керек. Мұғалім, ғалым, кітап, дүние, пікір, мағлұмат, құқық және басқа да сөздер, сонымен қатар қойып жатқан есімлердің жартысын өзгерту керек. Бірақ ол мүмкін емес.
0 дауыс
Бұрын мүбәрәк сөзін ешкім қолданбайтын.
...