0 дауыс
24.1k көрілді
Химияда тотығу, тотықсыздану деген не?

4 жауап

+2 дауыс

Тотығу-тотықсыздану -электрондардың бір атомнан екінші атомға жаппай немесе жартылай ауысуына негізделген химиялық әрекеттесу үлгілерінің үлкен тобы. Тотығу дегеніміз— атомның немесе атомдар тобының өз электрондарын беруі нәтижесінде өз валенттілігін өсіруімен сипатталатын химиялық әрекет; тотықсыздану — атомдардың немесе иондардың электрондарды өзіне қосып алуы, сөйтіп өз валенттілігін төмендету.Органикалық заттар химиясында тотығу әрекет өрекетінің мысалы ретінде заттың оттегін өзіне қосып алуы ал,тотықсыздану әрекетінің мысалы ретінде заттың сутекпен әрекеттесуі алынады.

Мәлімет мына сайттан алынды.

 

+1 дауыс
тотығу-тотықсыздану деген сондай реакция. Ол реакцияға қатысатын заттардың дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакция. Ол реакцияда міндетті түрде тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш болады. Мысалы:

2H2    +     O2   =    2H2O    бұндағы тотықтырғыш оттек (О) болады, себебі ол бейметалл, ал тотықсыздандырғыш сутек (H) болады, себебі ол металл.
+1 дауыс
Қысқаша айтқанда: 1) тотығу-электрондар беру процесі 2)тотықсыздану- электрондарды қосып алу процесі
0 дауыс
Көп рахмет мен жауабын таптым
...